ЕҰУ – бәсекелі білімнің алтын ордасы
Мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 2OO8 жылы экономика мамандығы бойынша аяқтап, төрт жыл университеттің бас ғимаратында оқыдым. Қазіргі күні студенттік кездерді қатты сағынамын, өмірімдегі ең керемет шырын шақтар десем болар. Ал, еңбек жолыма келсем, оқуымды бітіргеннен кейін бірден «KPMG» фирмасына жұмысқа орналастым. Онда алты жылдай жұмыс істеп, кейіннен «RG GOLD» компаниясына ауыстым. Ол кезде бұл компания шағын орталық қана еді, қазір еліміздегі ең ірі компаниялардың біріне айналды. Бұл жерде көп тәжірибе жинақтап, өткен жылы әріптестеріммен бірге өз кәсібімізді аштық.

Еуразия ұлттық университеті қабырғасында алған біліммен үшін мансап жолындағы үлкен бастама болды. Өйткені бұл университет білімнің алтын ордасы. ЕҰУ тек Қазақстанда ғана емес, әлемдегі ең ірі көшбасшы оқу орындарының бірі. Мұнда білім алу кез келген адамның бақытына бұйыра бермейді және тек жақсы білім, тәжірибе ғана емес,сенімді достар табуғада мүмкіндігі бар орта. Мен бұл университетте тек оқып қана қойған жоқпын, Студенттер үйінде тұрып, өмірге белсене араластым. Сондықтан, бұл жер мен үшін білім ордасы ғана емес, бір үйім және жақын достарымды жолықтырған алтын ұя ретінде жылы естеліктерімен қалды: Студенттер үйінде тұрғанда ас әзірлеуді үйрендім.
Бұл кез өмірімдегі ең қызық сәттер еді. Сосын кез келген істің басталып, жүзеге асуына міндетті түрде бір нәрсе түрткі болады ғой, ЕҰУ маған мансап жолына бастайтын нағыз баспалдақ болды. Әрине, біз бітірдік, бізден кейін де қаншама жас арман-үмітін арқалап, осы оқу орнына түсті және өмірден өз орындарын тапты. Алайда студенттердің жұмысқа сәтті орналасулары үшін бүгінгі жастардың бойына қандай қасиеттер қажеттігін айтсам, ол артық бола қоймас деп ойлаймын. Біріншіден, студенттердің алдына қойған мақсаттары айқын болуы және сол мақсатқа жетуі үшін еңбектенулері керек.
Екіншіден, тек білім алып қана қоймай, сол білімге қосааса еңбекқорлық қажет. Мысалы, мансап жолын енді бастап келе жатқан адам, бір күнде сегіз сағат, он немесе он үшін сағат болсын жұмыс істей алуы тиіс. Үшіншіден, адамдармен тіл табыса алулары, топпен жұмыс істей білуі керек. Жасырын емес, қазір кез-келген жұмыста, он шақты, тіптен жүзден аса адаммен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан, бұл өте маңызды деп ойлаймын. Менің осы оқу орнына түскеніме он жеті жыл болыпты, Егер, сол уақыт қайта келсе, мен ойланбастан дәл осы университетті қайта таңдар едім.
Себебі, таңдайтын жоғары оқу орындары жетерлік болғанымен, Еуразия ұлттық университетінің рейтиг жағынан алда екендігін білемін. Биыл сүйікті университетіме жиырма бес жыл толып отыр. Еуразия ұлттық университетінің ұжымын, профессор-оқытушылар құрамын, студенттер мен бітіруші түлектерді шын жүректен құтықтай отырып, оларға сабырлылық тілеймін. Себебі, биылғы жыл оңай болып жатқан жоқ, қашықтықтан оқытудың өз қиындықтары бар. Десекте, бұл жағдай білім сапасына әсер етпей, білімді, талантты, болашағы зор студенттерді даярлауларыңызға тілектеспін.
Дәурен МУЗГАЛИЕВ,
экономика факультетінің түлегі