Директорлар лигасы: Жаңа жобаларға дем берудің жолы

Қазіргі жаңалығы көз ілеспес жылдамдықпен тарайтын ақпараттық қоғамда ашықтық қағидатымен жұмыс жүргізу аса қажет. Бұл ретте мектеп директорлары арасында «Серіктес директорлар» лигасын құрдық. Басты мақсатымыз – директорларды арасында бәсекені қалыптастыру, басшылардың коммуникалдық және менеджмендтік қасиеттерін дамыту және жаңа жобалармен жұмыс жүргізіне мүмкіндік беру.

Лиганы ұйымдастырудағы негізгі ұстаным осы басымдықтарға ерекше көңіл бөлу арқылы өзара бәсеке қалыптастырып, басқарушылық бағыттағы көзқарасты жаңа заманға сай бейімдеу болатын. Шын мәнінде қазіргі заман талабы директорларға кабинеттік басқару жүйесінен алыстайтын уақыт жеткенін көрсетіп отыр. Өз мектебіндегі мұғаліммен жақсы қарым-қатынас орната алмаған директор басқарушылық сатыда көрінбеуі мүмкін. Оқушылармен, ата-аналармен жұмысты жүйелі жолға қойған директордың әрбір жұмысы сондай өлшем шарттармен бағаланады.

Сол себепті де біз бірінші кезекке мазмұн, сапаны қоюды талап етеміз. Білім беру стандартын меңгерту үшін директор жан-жақты жұмысты үйлестіріп келеміз. Жаңа білімді игеру, педагогтардың жағдайына кіру, ата-аналардың тілін табу ең маңызды қасиеттер арқылы директорлардың жұмысын бақылап келеміз. «Серіктес директорлар» лигасындағы мектептерге жиырмадан аса тақырыптық бағыттарды белгілеп, әр білім ұясы жаңа жобаларды енгізуді бастады. Мектепке енген тәжірибелер әрі қарай магниттік тәсілмен өзге мектептерге тарататын боламыз.

Бұл ауыл мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты жоюға септеседі. Бүгіннің өзінде №3 ІТ лицей – “бағдарламалау мектебі” атанып, білім ұясында «Diqital school studio» студиясы мен ІТ журналистика үйірмесі жұмысын бастады. Қаладағы №101 мектеп – экологиялық жобаларға негізделген “Жасыл мектеп” статусын алды. Ал, №261 мектеп “Өзін-өзі басқару” жүйесін дамытатын тірек мектеп қатарына енді. Мұнан бөлек, №176 мектеп “Оқуға құштар”, №140 мектеп “Ғылыми жобаларға бағытталған” мектеп ретінде жұмыс жүргізуде. Ал, келесі оқу жылында №278 мектеп оқушылар үшін бизнес тәсілдерін үйрететін “Кәсіпкерлік мектебі” ретінде жұмысты жүргізетін болады.

TEDx алаңында кездесіп, жаңа кейстер бойынша білімдерін жетілдірді. Директорлар «Стратегиялық брэнд менеджмент», «Мектептегі венчурді дамыту», «Мұғалім арасындағы матрицалар мен анықтауыштар”, «Мектептегі HR менеджмент» енгізудің жаңа әдістерін үйренді. Бір жылға жуық уақыт ішінде лиға құрамы әдістемелік марафон, “Алтын белгі” үміткерлеріне арналған форум, оқушылар арасындағы дебат, “ПедEXPO-2021, таза табиғат аясындағы «Мектептегі бенчмаркинг» шараларын ұйымдастырып, үздік отыз кітапқа 30 бейнеролик түсірді.

Оқу жылының қорытындысында директорлар саммитін өткізуді жөн санадық. “re-Start: Жаңа әлемдегі жаңа мен” атауын белгілеп, білім беру ұйымының басшылары өзекті тақырыптарға негізделген мәселелерді пікір алмасу форматында талқыладық. Самитте білім орнының басшылары қызықты тақырып аясында ой бөлісті. Мәселен, 176 мектеп директоры Қадыркүл Шаймағанбетова “Директордың 10 қателігі” тақырыбын арқау етіп алып, ортаға жиналған директорларға төте сауал қойып, пікір алмасты.

Ал, 3 ІТ лицей директоры Ләззат Әбенова “Директордың өзіндік дамуындағы жылдық жоспар модулі” тақырыбын ашып берді. Жеке және жылдық жоспарды құрудың жолдарын тарқатты. Сондай-ақ, 43 мектеп директоры Бақытжан Иманбердиева “Көшбасшыдағы эмоциональды интеллект” бағытында ой өрбітті. Арнайы бейнесюжет арқылы директорларға тығырықтан шығар жолды нұсқап, тосыннан сұрақтар қойды. Ал, облыстағы ең жас мектеп директоры 164 мектеп директоры Жанболат Ахметжанов “Педагогпен диалог” тақырыбында қызу пікірталас ұйымдастырды.

Ой алаңында барлық директорлар өзіндік пікірін айтып, көзқарастарын білдірді. Ішкі талдау, сыни ойлау сынды мәселелерде қамтылды деп санаймын. Аз уақыт ішінде лигаганың ашық алаңына отызға жуық мектеп директорларын біріктірдік. Енді алдағы жаңа оқу жылының барысында бұл құрам басқа да жергілікті білім ордаларының білікті басшыларымен толығып, ілгері жылжудың жаңа белесіне көтерілетіндігімізге сенім мол.

Серіктес директорлар лигасының жобалық бағыттарын санамаласақ (№43  мектеп – кәсіби бағдар; №4 мектеп-интернат – пәндік олимпиадаға бағыттау; Абай атындағы мамандандырылған мектеп – үш тілділік білім беруді жүзеге асыру жобасы; №202 мектеп – ұлттық құндылықтарға бағытталған мектеп; №197 мектеп – ҰБТ-ға дайындық; №140 мектеп – ғылыми-әлеуметтік жобаларға бағытталған мектеп; №257 мектеп – инклюзивті білім беру; №3 мектеп – ІТ бағдарламалау мектебі; №261 мектеп – өзін-өзі басқару; №120 мектеп – үштік одақ ата-анамен жұмыс; №176 – оқуға құштар мектеп; №101 мектеп – экологиялық бағыттағы жасыл мектеп; №172 мектеп – дебаттық қозғалыс; №278 мектеп  – кәсіпкерлік мектебі.

№12 мектеп – цифрлы мектеп; Жалағаш ауданындағы №114 мектеп – дарынды талантты оқушылармен жұмыс; Қармақшы ауданындағы №26 мектеп – функционалдық сауаттылықты дамыту; Арал ауданындағы №262 мектеп – Lesson Study; Қазалы ауданындағы №17 мектеп – құндылыққа негізделген тәрбие мен білім беру; Шиелі ауданындағы №153 мектеп – білім берудегі инновация және жобалық іс-әрекет; Жаңақорған ауданындағы №164 – Шаңырақ жобасымен жұмыс; Сырдария ауданындағы №42 – ғылыми жобалар, жас ғалымдарды тәрбиелеу).

Ақзира Бақтыбайқызы ҚАСЫМОВА,
Қызылорда облыстық білім
басқармасының басшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий