Асхат Аймағамбетов: Қазақстандық вакцинаны жасап шығарған отандық институттағы ғылыми қызметкерлердің еңбегі де ерекше

Бүгін педагогтердің атынан ақ халатты абзал жандар – дәрігерлерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтадым. Қоғамдағы маңызды мамандық иелері – ұстаздар мен дәрігерлердің есімдері ерекше құрметпен аталады, – деп жазады ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
 
Бірі – балаларымызды білім нәрімен сусындатса, екіншісі – адам өміріне араша түсетін жандар. Мен үшін өз ісінің үздіктерін марапаттау рәсіміне қатысып, бірнеше номинация бойынша жеңімпаздарға марапат табыс ету – зор мәртебе. Медицина қызметкерлеріне күнделікті қажырлы еңбегі үшін алғыс айта отырып, кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
 
Пандемия жағдайында сіздердің қажырлы еңбектеріңіз қаншалықты маңызды әрі өзекті екендігі айқын көрінді. Біз қиын-қыстау кезеңде сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіздің куәсі болдық. Сіздер өз өмірлеріңіз бен амандықтарыңызды екінші кезекке қойып, уақытпен санаспай, күн-түн демей, барлық күш-жігеріңізді адамдардың өмірін сақтап қалуға арнадыңыздар. 
 
Сонымен бірге бүгінгі шара барысында Covid-19 індетіне қарсы қазақстандық вакцинаны жасап шығарған біздің институтымыздың ғылыми қызметкерлерінің еңбегі де ерекше атап өтілді. Мерекелеріңізбен, ақ халатты абзал жандар!, – деп қорытындылаған өз жазбасын еліміздің бас педагогы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий