Жас түлектерге аттестат табысталды

2021 жылғы мауым айының 21-і күні сағат 10.00 де Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектепте негізгі мектепті тәмәмдаушы, 10 сынып оқушыларына қашықтан аттестат табыстау рәсімі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының басшылығы.

Бұл іс-шара MS teams платформасындағы stream жүйесі негізінде ұйымдастырылды. Биылғы жылы 10 сыныпты 55 оқушы аяқтап, оның 12 оқушысы үздік аттестатқа ие болды. Іс-шара барысында оқушылардың жетістіктері аталып өтті. Мектеп директоры Сыздыкова Ғалия Сәбитқызы оқушыларға ақ жол тіледі.

 

Ата-аналар қауымы да өз ізгі лебіздерін жеткізді. Барлығы 30 минут ішінде, қашықтықтан өткен іс-шара мәнді де сәнді өтті. Іс шараға барлығы 120 ға тарта қатысушы қатысты. Оның қатарында мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар, мектептің әкімшілік құрамы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий