Алғашқы түлектерін ұшырды

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының (19. 06. 2017 ж, №523) бұйрығымен «Дарын» қосымша білім орталығының жанынан облыс оқушыларының зияткерлік қабілеттерін анықтау, оны дамыту мақсатында математика және физика пәні бойынша олимпиада резерві мектебі ашылып, оған 40 оқушы қабылданған болатын, – деп хабарлайды осы жергілікті өңірдегі салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Мектепте оқумен бірге жүргізілген қорытынды бақылаулар, олимпиадалар нәтижесінде оқушылар іріктеліп, бүгінде 22 оқушы облыстық білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығының базасында облыстық олимпиада резерві бітіргендігі туралы сертификаттарын қолдарына алды.

Өткен төрт жыл ішінде әртүрлі облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері, қатысушылары атанған оқушылар және осы оқушыларды сессия, сессияаралық кезеңдерде білім нәрімен сусындатқан ұстаздар білім басқармасының алғыс хаттарына қоса арнайы дипломдарымен марапатталды. Салтанатты жиынның соңында олимпиада резерві мектебінің оқушылары «Жайық дарыны» атты тақтаға өз есімдерін қалдырып, раушан гүлдерін отырғызды.

Загрузка...