Қашықтан оқыту жағдайында білім беру үдерісін психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет», – деген екен белгілі ағартушы, ғалым Шоқан Уәлиханов. Тәуелсіз елдің негізгі байлығы – білімді ұрпақ, сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру. Еліміздегі төтенше жағдай кезінде білім беруді қашықтан ұйымдастыруда білім саласына қатысушылардың жан дүниесіне ерекше назар аударуды қажет етеді.

Мектептегі психологиялық сүйемелдеу, нақтырақ айтсақ психологиялық қызмет ағартушылық, диагностика, түзету-дамыту, кеңес беру бағыттары арқылы жүзеге асады. Қазіргі қашықтан оқыту жағдайында ағартушылық және кеңес беру бағытына басым назар аударылуда. Психологтар тарапынан оқушыларға зейіннің тұрақтануына, танымдық белсенділікті дамытуға, психологиялық тұрғыда сабаққа дайындалу бағытында ұсынымдар, бейне роликтер ұсынылуда. Ата-аналардың психологиялық білімін жетілдіру, балалардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтау, отбасындағы қолайлы психологиялық ахуал тудыру,  ата-ана мен бала арасында жағымды қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында жадынамалар, ұсынымдар, бейне сабақтар түсіріліп, мессенджерлер арқылы таратылуда.

Онлайн сабақтарға қатысып педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынасы, оқушының сабаққа деген психологиялық дайындығы бақыланып мониторингіленуде. Сонымен қатар, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталық тарапынан педагог-психологтарға әдістемелік тұрғыда қолдау көрсету мақсатында оқыту вебинарлары, инстаграм, you tube каналына сексеннен астам видео сабақтар мен кеңес беру ұсынымдары жарияланды. Облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері тарапынан педагогикалық-психологиялық қолдау мақсатында «Сенім» телефоны ұйымдастырылды.

Облыстағы әр педагог-психолог өзінің «Визиттік картасын» оқушы, ата-ана, педагогтарға ватсап, инстаграм желісі арқылы таратты. Облыстық білім беруді-дамыту оқу-әдістемелік орталық тарапынан ұйымдастырылған оқыту вебинарларында тәжірибелі педагог-психологтар оқушы, ата-ана, педагогтарға кеңес беру алгоритмдері, жаднамаларды, ұсынымдарды құруға қойылатын талаптар, кеңес беру видео роликтердің  мазмұны мен талаптары жайында өзара тәжірибе алмасып, ақпараттармен бөлісті.

Қашықтан оқыту жағдайында оқушылар мен ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету, психологиялық қызметті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктеріне тоқталып, педагог-психологтар мазалаған сұрақтарына жауап алды. Қашықтан оқыту жағдайы педагогтердің психологиялық эмоциналдық жағдайы, кәсіби жағдайын алдын алу мақсатында \«Педагогикалық диалог» ақпараттық және әдістемелік журналынан алынған №3 (33)126-127 бет 2020 жыл \сауалнама алынып, нәтижесі бойынша түзету-дамыту, ағартушылық жұмыстары жүргізілді.

Сауалнама Алматы облысы бойынша  14777  педагог қатысты 27 қалалық, 239 ауылдық  орта білім беру ұйымдары қамтылды. (1-диаграмма). 1-диаграмма.

Респондеттерді тұрғылықты жері бойынша (ауыл\қала) реттеу. Сауалнамаға  27,85% пайызы 10 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар  педагогтер қатысты. (2-диаграмма). 2-диаграмма. Сауалнамаға қатысқан педагогтердің жұмыс өтілі бойынша көрсеткіші. 

Сауалнама мақсаты қазіргі таңдағы педагогтердің эмоционалдық жағдайын бағалау. Бұл эмоционалды күйзеліс тән параметлер, олар: мен жұмыс күннің соңында өзімді эмоциналдық түрде бос сезінемін. Менің жұмысқа байланысты уайымдардан ұйқым бұзылды. Қашықтан жұмыс істеу кезінде эмоционалдық жүктеме мен үшін тым үлкен. Жұмыс күнінен кейін мен жақындарыммен тіл табыса алмаймын. Менің жүйкемнің жұқару шегіне жеткендей сезінемін. Жұмыс күнінен кейін менде ештеңеге күшім жоқ. Мен өзімді басқа адамдардың мәселелерін артып алғандай сезінемін. 2020-2021 оқу жылының ІІІ тоқсан бойынша 1-7 сұрақ бойынша «ешқашан». 

Мен қандай қиындықтарға кездестім… АКТ құралдарын қолдануда сенімсіздік сезінемін; қашықтан оқыту форматы ерекше болып қалады (біз оқушылармен экранның әртүрлі жағында болғанда); түсініксіз мазасыздықты сезінемін; қиындықтарды бастан кешірмеймін. Сауалнамаға қатысушылардың «қашықтан оқыту форматы ерекше болып қалады (біз оқушылармен экранның әртүрлі жағында болғанда)» сұрағына 23,72% пайызы жауап берген. Біз ерекше жағдайларда мұғалімдердің көбісі жұмыс күннің соңында эмоциналдық күйзеліске ұшырағанын анықтадық.

3-диаграмма. Сауалнама 1-7 сұрақтарының көрсеткіші. Қосымша деген бағанға «Қашықтан оқыту форматы ерекше есте қалатын болды, өз мектебімізде оқушыларымыздың жүзін көріп сабақ өткенге ештеңе жетпейді, мектептің сәні оқушыларымыз екенін ерекше мойындадық, бәрі аяқталып мектебімізге келсек екен» және тағы да басқа осындай шынайы тілектер жазылған. «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналында Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемен қаласындағы филиалының менеджер-әдіскері В.С.Пак бастған зерттеу тобының \№3 \(33)126-127 бет 2020 жыл\ анықтағаны бойынша  педагогтер келесі оқу жылында не мазалайтыны туралы сұраққа еркін жауап беруге мүмкіндік берілді.

Алынған жауаптардың контент-талдауын пайдалана отырып, біз педагогтердің үрей факторлары жинақталған мазмұн бірліктерін айқындалды: оқушылардың білім сапасы; қашықтан оқыту құралдарын меңгеру және онлайн оқыту платформаларын білу; денсаулық (өзінің және оқушының); интернет сапасы; белгісіздік; ата-аналар реакциясы. Педагог үрейін азайту мақсатында қандай шаралар жүргізе аламыз? Осы орайда, «Сенім» педагог-психологтар ассоциациясы аудан\қалалық әдіскерлермен бірлесе отырып, педагогтердің кәсіби эмоцианалдық жануын, алаңдаушылығын азайту, алдын алу мақсатында  вебинарлар, тренингтер жүргізілді.

4-диаграмма. 8 сұрақ педагогтердің алаңдаушылық  көрсеткіші. 

Қорыта айтқанда, қазіргі кезең  білім саласы үшін үлкен сын. Ал, оны абыроймен алып шығу оқушы, ата-ана, педагогтың жауапкершілігіне байланысты.  «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», -деп халық даналығы айтқандай ұрпағымызға саналы тәрбие беріп, сапалы біліммен сусындату өзіміздің қолда. Сондықтан «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», – деген әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.

Динара Жардембековна  КЫДЫКЕНОВА,
Алматы облыстық білім беруді дамыту
оқу-әдістемелік орталық әдіскері,
Талдықорған қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий