“Бастау” республикалық математикалық турнирінің қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабылеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында XIV республикалық математикалық «Бастау» турнирін О. Жаутықов атындағы   физика-математика мектеп-интернатында онлайн форматта ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі. 

Республикалық турнирде барлығы 42 командадан 126 оқушы қатысты. Әр команда бір оқушыдан 2,3,4-сыныптардан құрастырылды. Турнир үш тур бойынша өткізілді: бірінші «Әу, баста!» (командалық сынақ);  екінші тур «Асық» (командалық сынақ); үшінші тур «Математикалық бәйге» (жеке сынақ). Республикалық турниріне облыстық математикалық турнирінің жеңімпаздары  қатысты. Олар, дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының командасы: Азаматұлы Жан Әли, Малюгина Алина, Смирнова Василина және дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясынын  командасы: Қали Асанали, Қаражанұлы Нұрғали, Зекіш Мейірбек.

Турнирдің қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының командасы топтық сайысында бірінші орын иегері болып аталды, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының командасы екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеке біріншілігінде күміс медальмен дарынды балалалрға арналған Абай атындағы гимназияның 2 сынып оқушысы Зекіш Мейрамбек марапатталды; қола медаль иегерлері дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының  3 сынып оқушысы Қаражанұлы Нұрғали және дарынды балаларға арналған №3гимназиясының 2,4 сынып оқушылары Азаматұлы Жан Әли және Смирнова Василина болып табылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий