Қазақстандық жалғыз университет Times Higher Education 50 жасқа дейінгі жас университеттер рейтингісінде ТОП 351–400 қатарына енді

2021 жылдың 23 маусымында Times Higher Education Young University Rankings 50 жасқа дейінгі жас университеттер рейтингісінің нәтижелері жарияланды. Биыл Еуразия ұлттық университеті тағы да көш бастап, ТОП 351–400 қатарына енді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті осы рейтингке енген Орталық Азиядағы жалғыз университет болып қала береді. ТМД елдері арасында ЕҰУ «Экономика Жоғары Мектебі» Ұлттық зерттеу университетінен, Қазан ұлттық зерттеу техникалық университетінен және Сібір федералдық университетінен басқа топ-5 қатарына кіреді.

2021 жылы Times Higher Education Young University Rankings рейтингі 475 жоғары оқу орнын қамтиды, бұл өткен жылы 414 болған университеттердің санынан 15% – ға көп. Биылғы жылы қатысушы елдердің саны 68-ді құрады. Times Higher Education Young University Rankings 2021 университеттерін бағалау бес негізгі көрсеткішке негізделген: дәйексөз алу (Citations), индустрияландырудан түскен табыс (Industry income), интернационалдандыру (International outlook), зерттеу қызметі (Research) және білім беру қызметі (Teaching).

Білім беру қызметі, зерттеу қызметі және дәйексөз сияқты көрсеткіштер 30% құрайды. 7.5% Интернационализацияның салмағы және индустрияландырудың кірісі 2.5%. Рейтингте бірінші орынды қытайлық Наньян технологиялық университеті (Nanyang Technological University) иеленді. Одан кейін Париж зерттеу университеті (Paris Sciences etLettres – PSL Research University Paris) және үшінші орында Гонконг Ғылым және технология университеті (The Hong Kong University of Science and Technology).

Оңтүстік Кореяның үш Университеті топ-10-ға кірді, ал Ұлыбритания бұл рейтингте 37 ЖОО-дан тұрады. Рейтинг нәтижелері туралы толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы білуге болады: https:// www.timeshighereducation.com/world-university-rankings/2021/young-university-rankings

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий