Дебат – білім беру технологиясы

Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар, бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік” (Цицерон). ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша  “Ұшқыр ой алаңы” оқушылардың дебаттық қозғалысы  жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру  мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде 2021 жылы қаңтар айында “Руханият” дебат клубы ашылып, қазақ, орыс, ағылшын командалары құрылды.

Қаңтар айында  өтілген «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебат турнирінің қалалық кезеңіне қатысып, Сертификат және Алғыс хат марапатына ие болдық. Наурыз айында қаламыздағы  студенттерден құралған “Ақиқат” дебат клубының мүшелерімен тәжірбие алмасу мақсатында дебат өтіліп, оқушыларымыз мол тәжірибе алды. 18.03.2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық білім беретін мектеп оқушылары арасында “Тәуелсіз елдің тұлғасы” атты іріктеу турнирінде орыс лига -ІІ, ағылшын лигасы -ІІІ дәрежелі жүлделі орын иелендік.

Ал қазақ лигасы финалға дейін ойнап “Үздік оратор”, “Үздік көшбасшы” номинацияларымен марапатталды. Мамыр айында 9-сыныптар арасында  “БП Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жолдарын ұсынады” тақырыбында дебат өтілді. Сонымен қатар осы мамыр айында жас мамандар арасында мектепішілік дебаттың іріктеу  кезеңі өтті. 

“Дебатты ойын ретінде емес, білім беру технологиясы деп қабылдауымыз қажет. Сондықтан бұл қозғалысты белсенді түрде дамытып жатырмыз. Біз Қазақстанда дебат қозғалысын дамыту тұжырымдамасын және оқушылар мен студенттер арасында дебат турнирлерін өткізу қағидаларын әзірледік.  Министрліктің “Оқуға құштар мектеп”, “Мектептегі және студенттің өзін-өзі басқару” сияқты жобаларымен бірге “Дебаттар” жобасына да барлық білім беру ұйымында баса мән берілуі тиіс, балалардың сыни ойлау қабілетін дамыту, жеке қасиеттерін дамытуға көмектесу маңызды командада жұмыс істеуге баулу, сұрақтарға жауап беру, өз пікіріңді дәлелдеу, балалардың өз ойларын дұрыс тұжырымдауы үшін бізге осы білім беру технологиясын белсенді қолдану қажет”- – деді  Білім және ғылым министрі  А.Аймағамбетов. Қорыта келгенде, “Дебат-тілге жүйрік, ой-өрісі кең, тақырыпты екі жақты көзқараста дәлелдей алатын нағыз дарындылар ойыны!

Гулсим УКШЕБАЕВА,
“Руханият” дебат клубының жетекшісі  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий