Ақмола облысы: “Сау болғың келсе, бол: бұл ең дұрыс жол!” компьютерлік графика және анимация ғаламтор байқауы

Облыстық білім басқармасы мен облыстық полиция Департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы біріге отыра «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының» базасында Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай «Сау болғың келсе, бол: бұл ең дұрыс жол!» атты облыстық компьютерлік графика және анимация ғаламтор-байқауының қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды осы жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты: оқушылардың шығармашылық әлеуетін анықтау және дамыту, ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін практикалық түрде белсенді қолдануға шақыру, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Ғаламтор-байқауына облыстың алты ауданы мен Көкшетау қаласынан 13 жұмыс келіп түсті. Оның 11-і – графика, 2-уі – анимация. Байқау жұмыстарын білікті қазылар алқасы бағалады: Курсанова Разия Талгатовна облыстық полиция Департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры.

Кожабаева Лайла Жакаевна Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі, Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі, Мәдениет үздігі; Кыдырмина Асемгуль Темиртасовна – Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжінің оқытушысы, ядролық физика магистрі. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі ретпен үлестірілді.

Жүлделі бірінші орын Сырбу Виталий (Аршалы ауданы, Балалар мен жастар шығармашылық орталығы); екінші орын Мутафиди Виктория – (Есіл ауданы, Свободное а. ОМ); үшінші орын Амангельді Мансур (Жақсы ауданы, Оқушылар үйі). Сондай-ақ, қазылар алқасының шешімімен шығармашылық белсенділік танытып, ерекше идеясымен көзге түскен үш қатысушы грамоталармен марапатталады.

Олар: «Жарқын болашақ» номинациясында: Алимбетова Аяулым (Көкшетау қаласы, Bolashaq saraiy); «Үздік идея авторы» номинациясында: Абильхамитов Ерасыл (Қорғалжын ауданы, Балалар шығармашылық орталығы); Молдахмет Мирас (Көкшетау қаласы, Bolashaq saraiy). Жүлделі орын иегерлері дипломдармен, белсенді қатысқан оқушылар грамоталармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталады, байқау қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий