Батыс Қазақстан облысы: “Алтын белгі” иегерінің үлгісі

«Батыс  Қазақстан  облысы  әкімдігі  білім   басқармасының Сырым  ауданы  білім  беру бөлімінің «Қособа «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені»  коммуналдық   мемлекеттік   мекемесінің 11-сынып оқушысы Төлеу Жауқазын Махамбетқызы оқуға  ынтасы  өте  жоғары,   оқу  үздігі,  негізгі  орта  мектеп  курсы , бойынша  «Үздік  аттестат», «Алтын белгі» иегері.  Барлық  пәндерді  сүйіп  оқиды,  соның  ішінде  әдебиет,  жаратылыстану пәндері  бойынша  мектеп-ішілік,  аудандық, облыстық, республикалық  байқаулардан  жүлделері  өте  көп, – деп хабарлайды осы жергілікті өңірдегі салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Өз жанынан  өлең  ұйқасын  құрастырады,  эссені  шебер  жазады,  интеллектуалдық  қабілеті  жоғары. Осы  қабілеттерінің  арқасында  жеткен  жетістіктері:  Республикалық «My family» атты дарынды оқушылар байқауы 1-орын, республикалық  «Happy New Year» байқауы 1- орын, республикалық «Қалдықтарға екінші өмір» атты экологиялық қолөнер байқауы 1– орын, республикалық эссе байқауы 1-орын,физика пәні бойынша жалпықазақстандық олимпиада 1-орын, облыстық «Импульс-2017» жас зерттеушілер мен өнертапқыштар интеллектуалды турнирде 3-орын.

Облыстық Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу бөлімі бойынша 3 орын, аудандық «Күрделіні оңай-2015» интеллектуалдық олимпиада 1-орын, аудандық «Қолөнер шебері» атты сәндік қолданбалы өнер байқауы 1- орын, аудандық «Ұстазға арналады аяулы әнім» балалар ән байқауы 1-орын,  аудандық «Эрудит- 2016» интеллектуалды байқауы 1-орын (10 000 тг сертификат), «Тұрақты даму үшін экологиялық білім бойынша балалардың бизнес жобасы» байқауының аудандық кезеңінде 2-орын, пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 1- орын.

Облыстық «Intel- logic-2014» логикалық есептер мен софизмдер шешу интеллектуалды турнирдің аудандық кезеңі 1- орын, аудандық «Жайық толқыны» өлкетану  фестивалінде 2-орын және  2020-2021 оқу жылында республикалық «Абай оқулары» байқауының «Ұлылар әлемі» бағытында эссе жазу бөлімі бойынша аудандық кезеңнің 1-орын, облыстық кезеңнің 3-орын жүлдегері.

Жауқазынның бос  уақытындағы  сүйікті  ісі – қол  еңбегі істерімен, дәмді тағамдар пісірумен  айналысу  және үнемі  достарының  ортасында  болғанды  ұнатады. Мінез-құлқы  өте  жақсы, ашық-жарқын,  достарын  ренжіткен  емес, әділ,  шыншыл, ізетті,  қайырымды. Ол – өзінен  кішілерге  жан-жақты  үлгі  боларлық  тұлға.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий