Алғысым шексіз досыма (мөлтек сыр)

Бүгінгі таңда адамдар заман талабына сай әркім өз жолын  таңдайды. Сол таңдау  жолында «Қуанышты –   бөліссең  көбейеді, қайғыны – бөліссең азаяды», – демекші, күнделікті өмірде өз ойыңмен бөлісетін жанашыр досың  болғанын  қалайтының рас. Ал, достықтың  өзі  адал – достық, амал – достық болып екіге бөлініп  жатады. Менің  өмірдегі достарымды  он бөлікке бөліп қарастырдым. «Жолдасың көп болса, жалғызбын деме», – дегендей, ең бірінші досым – ол менің  анам.

Шыр етіп дүниеге әкелген күннен  бастап, мәпелеп, аялап бағып – өмірде жол көрсететін  – ең асыл   жан анам – Айманова  Зибагул  Нағыметқызы. Қазіргі таңда – үш баланың анасы, бес  немересі бар – бақытты  ана, асыл әже. Анам  негізі – тұйық, көп сөзі жоқ тұлға, бала күнімде біреу бір нәрсе сұраса, жоқ деме – деп үйрететін. Әкем – Сәрсенбаев Теңізбай – ақкөңіл, ашық – жарқын, аңқау адам. Сондықтан да  мен де  қолда барымды аямайтын, адал  жан болып  өсіп, мектеп қабырғасында жүргенде күнделікті сабаққа дайындалып, тек қана бестік алуға  ұмтылып,сыныптастарыммен жақсы қарым – қатынаста болдым.

Мектептегі  жан достарым –  Көшербаева  Гүлзира  Ерболқызы мен Досжанова  Мейрамкул  Ханауытқызы. Олармен әлі күнге дейін араласып, ғаламтор желісі арқылы жақсылықтарымызды бөлісіп  отырамыз. Мейрамкул  туған жеріміз  Қызылорды  облысында тұрады. Гүлзира екеуміз өмірлік жолдасымызды Алматыда кездестіріп, қазір осы өңірде тұрамыз.  2005 жылы мектеп бітіріп, өзімнің  жан – жақтылығымның, ізденімпаздығымның арқасында  грант  иегері болып, Қазақ мемлекеттік  Қыздар педагогикалық  институтына  оқуға  қабылдандым.

Осы сәттен бастап, балалық шақпен қоштасып,  студенттік өмірге қадам бастық. Яғни, жастық шағымыз өте керемет өтті. Сол студент кезімдегі достарым Алматы облысындағы Есік қаласының тумасы  Семсерхан Гулғайша, Қызылорда облысының  тумасы  Садыкова Жанат  және  Өмірзакова Гулжазира  төртеуміз  керемет дос болдық.  Қазір бұл достарымменда хабарласып тұрамын. Сонымен 2009 жылы университетті аяқтап алғашқы еңбек жолымды Алматы  қаласы, Медеу ауданындағы №33 мектеп – лицейде бастадым.

Қолымызға  диплом алып, жас маман болып жұмысқа қабылданған сәттен бастап, мектепте  Кайрбекова  Шынар Манарбековна екеуміз  нағыз дос болдық. Шынар  ағылшын  тілі  мұғалімі, өте пысық, адал, ақкөңіл қыз. Қазір Алматы қаласында  №12  мектеп гимназиясында жұмыс жасайды. Жолдасы Алмат екеуі Дидар мен Аружан,Аруна есімді үш баланың ата – анасы. 2019 жылы үш және бес жас аралығындағы балаларға ағылшын тілін үйретуге бағытталған  «Play and learn» тақыбында авторлық бағдарлама шығарып, балаларға көңілді ойындар сыйлады.

Және  осы мектептен бастап әлі күнге   қуанышымызды   бөлісіп жүрген Садирова  Айнур,  Бозтаева   Жұлдыз, Жумагазина Шолпан, Нургожанова Айман және тағы да басқа достарым өте көп. Сол  сияқты 2011 жылы өзімнің  өмірлік  жолдасым Самалды кездестіріп тұрмысқа шықтым. Қазір екеуміз  Рахымжан, Үміт, Аянат  есімді үш баланың  ата – анасымыз. Келесі досым жолдасым Самалдың анасы, екінші анам, яғни енем – Ахметова  Күнқияш. Екінші анам – өте салмақты, байсалды, шыдамды жан.

Өмірде маған оң – солымды тануға, шынайы армандауға, барлық жағдайда күлімсіреп жүруге жетелеген осы кісі, яғни балаларымның әжесі. Қандай жағдай болсын бірінші  енеме айтамын. Себебі, енем жанашыр, шешім қабылдауда  дұрыс жол көрсететін  мейірімді жан. Ал, анама айтпайтын себебім, анам  уайымшыл болғандықтан тез қартайып қалмасын деп, тек қуанышты күндерімді бөлісіп, көңілін көтеруге тырысамын. Және де өмір жолымда  маған  ата – анамнан кейінгі жанашырларым олар  басшыларым: бұрынғы №33 мектеп – лицей директоры Макежанова Роза Ашимбековна, қазір Алматы қаласы, Алмалы ауданы №147 гимназия директоры.

Және Алматы қаласы бойынша Педагогтардың  біліктілігін арттыру ұлттық «Өрлеу» институтының  аға оқытушысы, доцент  – Еденбаева Зауре  Дөненбекқызы. Зауре Дөненбекқызы  педагогика  саласында  36 жыл еңбек өтілі бар, қазақ халқының жанашыры, «Сиқырлы  қалам» бағдарламасының  авторы, көптеген  еңбектері журнал – газет  беттерінен жарық көрген. Мені сіңілім деп өз көмегін аямай жүрген  – адал досым. Сол сияқты қазіргі таңда еңбек жолымды жалғастырып отырған Алматы  облысы, Іле ауданы, М.Түймебаев  ауылында орналасқан «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасының  меңгерушісі  Еламанова  Бинур  Тохтасынқызы.

Өзі сондай еңбекқор, жан – жақты, жауапкершілікті, талапшыл, турашыл жан. Бинур Тохтасынқызының арқасында біздің  балабақшамыз аудандағы 9 мемлекеттік балабақшалардың ішінде алдыңғы  қатарда, ұжымымыз өте белсенді, тиянақты  мамандармен толыққан. Қашан көрсең жүзінен күлкі үйрілген, Бинур Тохтасынқызы  маған  өмірде  бәрінен   жол табуға болады, тек адал  жұмыс  жаса – деп үйретеді. «Адамды  досына   қарап  таны» – демекші, балабақшадағы әріптес достарым: Асканбаева Макпал, Дудабаева  Ардақ, Турманова  Эльмира, Айнабекова  Айгул.

Сол  сияқты  өмірде өз теңіңді тапқан соң сол жолдасыңның  достарымен араласып, туылған күн кештерінде кездесіп сыр шертетін  достарың  болады. Сондай  достарым: Былаева Айгул  тәте, Ильясова  Альбина, Демеуова Жамиля,  Ыбрайымкулова Маржан. Және де ең керемет достарым бауырларым  осы Алматы қаласына келгенде  мені жанына жақын тартып, қолдау көрсеткен, әкешімнің туған  қарындасы Тугелбаева  Даржан  Сәрсенбайқызы. Тәтеме алғысым шексіз – өсіріп отырған Дархан, Дана есімді балаларының қызығын  көріп, қуаныштары  ортаймасын деймін.

Дана тұмысқа шықты. Шымболат  есімді  күйеу баласы бар. Жездем Бимұқан екеуі бір жастықта  қартайып, көз  қуанышымыз болып  жүре берсін. Туған  өлкем сыр бойындағы жанашыр, ақылшы досым тәтем  Сарсенбаева  Айнур  Битимбаевна өзі пысық, жан – жақты, тігу мен тоқу да келеді. Жездем Жасұлан екеуі Гүлбаршын, Көркем, Алпамыс есімді  үш баланың ата – анасы. Өте бауырмал жандар. Қорытындылай  келе,  «Досы – көпті  жау  алмайды, дұшпаны – көпті дау алмайды» – демекші, барша оқырман қауымның жанына жақын жанашыр жостары көп болуын тілеймін!!!

Гүлнұр  Теңізбайқызы СӘРСЕНБАЕВА,
“Күншуақ” бөбекжай – 
балабақшасының
әдіскері, Алматы облысының Іле ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий