«Enactus ORDA» командасы «Enactus Kazakhstan National Expo 2021» көрмесінде

Жастардың start-up бастамаларын қолдау еліміздің өркендеуі мен жастардың кәсіпкерлікке баулудың негізгі жолы болып табалады. Осы мақсатта 2021 жылы 17 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Enactus Kazakhstan National Expo 2021 студенттік кәсіпкерлігінің кубогының көрмесі болып өтті. Алмыш көрмеге «Орда» университетінен «Enactus ORDA» командасының капитаны, ақпараттық технологиялар және бағдарламалау мамандығының 2 курс студенті Байділдаев Ерназар Ұланұлы және «Enactus ORDA» командасының эдвайзері Есенов Мақсат Кенжайұлы қатысты.

Enactus Kazakhstan National Expo 2021 студенттік кәсіпкерлігінің кубогының көрмесінде «Enactus ORDA» командасы «Ақылды күнбағыс», «Ақылды жаяу жүргініші», «Дәстүрлі гипс таңғышына жаңа балама» және «Anti Covid» жобаларын жұрт назарына таныстырылды.

Айта кететін жайт, өзге командалар мен көрме қонақтарына, әсіресе КТК телеарнасының тілшілеріне «Дәстүрлі гипс таңғышына жаңа балама» жобасына үлкен қызығушылық танытты. Алдағы уақытта жоба іске асар болса, әлеуметтік жағынан қоғамға үлкен пайдасы тиер жоба екендігіне сенімдерін білдірді.

Студенттік стартап, кәсіпкерлікті дамытуға арналған бұл көрмеге Республикамыздың әр өңірінің ЖООнан 20-дан аса командалар қатысты. Жарыс жолындағы командалар өздерінің мықты деген жобаларын додаға ұсынды. Көрме жоғарғы деңгейде болып өтті. Ұлттық кубогтің жеңімпаздары болып «Astana Medicial University» атанды. Бұл оқу орны өз жобасының әлеуметтік жағынан және адам денсаулығы үшін тигізер пайдасы мол екендігін дәлелдеді.

«Enactus Kazakhstan» кәсіпкерлік тәсілді қолданатын студенттерге демеушілік жасауды мақсат ететін ұйым. Осындай жобаларға қатысуға қолдау білдіргені үшін «Орда» университетінің президенті Ифтихар Бақтиярұлы Юнусов мырзаға алғысымызды білдіреміз.

«Enactus ORDA» командасының капитаны,
«Орда» университетінің 2 курс студенті
Байділдаев Ерназар Ұланұлы

«Enactus ORDA» командасының эдвайзері
Есенов Мақсат Кенжайұлы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий