Жүлдегерлер бағаланды

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында үлкен кең ауқымда 28 маусым күні бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен байланыс саласы мамандарының кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шарада Академия президенті Ғани Бектайұлы мен ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп журналистерді және де мерекенің ұйытқысы болған бірнеше еңбеккерлерді журналистер күнімен  құттықтап, журналистер қауымының елімізде болып жатқан жаңалықтарды жеткізудегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы атқарылған жұмыстарды халыққа жеткізіп отырудағы жұмыстарын атап айтты, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, биылғы кәсіби мереке – Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл, Ұлттық білім академиясының құрылғанына  100 жылдық мерейтойымын тұспа-тұс келіп тұрғаны сөз болды. Осындай сәтті пайдаланып, тәуелсіздіктің мән-мағынасын ашып, халыққа насихаттауда, 30 жыл ішіндегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, өзгерістер мен жетістіктерді, рухани-мәдени құндылықтарды жеткізуде бірлесіп жұмыс жүргізу қажет деді және «Заманауи білім» республикалық конкурсының алғаш рет ұйымдастырылғандығын айтып, жеңімпаздарды марапаттады. 

Конкурс бағыты бойынша барлығы 44 мақала, түсірілімдер  келіп түскен. Комиссия мүшелерінің шығарған қорытындысы бойынша үздік деп табылған 12 адам жеңімпаз атанып,  газеттер мен журналдардағы үздік мақала, интернет басылымдағы үздік  жарияланым, үздік радиоматериал, үздік телевизиялық материал  номинациялары берілді. Қазылар алқасы құрамында сенатор-журналист, депутат, республикалық БАҚ өкілдері, «Baq kasipodaq» салалық кәсіподағы төрағасы, радио саласының мамандары, сарапшылары болды. 

«Мемлекет басшысы елдік мұраттың бағыт-бағдарын айқындап берді» тақырыбындағы мақала «Газеттер мен журналдардағы мақалалардың ең үздігі» деп, «Қазақстандық ұстаздардың Монғолиядағы білім беру ісіне қосқан үлесі (эксклюзив)» атты мақала «Интернет басылымдағы үздік жарияланым», «Медиасауаттылыққа арналған «Oi doda» интерактивті-интеллектуалды радио ойыны» «Үздік радиоматериал» деп танылды. Ал «Арнайы репортаж: қашықтан оқудың машақаты» тақырыбындағы материал «Үздік телевизиялық материал» деп жарияланды. 

Конкурстың ауқымды жұмыстары айқындалып, 1,2,3 орын иегерлеріне сыйақы, диплом, алғыс хаттар табыс етілді. Оның ішінде әріптестеріміз, Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының «Елордалық білім» газеті және «Астаналық әдістеме» журналдарының қызметкері Ерғазы Манапұлы Нұршеков «Газеттер мен журналдардағы үздік материалдар» номинациясының бірінші орнын иемденсе, ал Гүлім Төлеуқызы, орталықтағы жетекші жобалардың бірегейі «Профессор сабағы» жобасының жүлделі орнын алып, жеңіс тұғырынан кіөрінуі орталықтың білімді, білікті мамандармен жабдықталғанын көрсетеді.

БАҚ қызметкерлерін Академия ұжымы төл мерекесі күнімен құттықтап, қонкурсқа қатысқандары үшін алғыс айтып, еліміздегі барша журналистерге шығармашылық табыс тіледі. Бұл іс-шара «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өтіп, өз мәресіне жетті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий