БАҚ саласының үздіктері марапатталды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университетінің басшылығы осы саланың үздіктерін құттықтады. Жиналған БАҚ өкілдері мерекелік көңіл-күй мен ерекеше алғыстарға ие болды. Оқу ордасының мәжіліс залында  өткен мерекелік жиынға Медиа орталықтың ұжымы мен  облыстық  Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тауанов,  облыстық Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Алмас Елбосынов қатысты, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Басқосуды құттықтау сөзімен ашқан басқарма басшысының орынбасары Ермек Тауанов бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы маңызын атап өтіп, алдағы қызметтеріне табыстар тіледі. Жиында облыстың бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудағы еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін «Zhubanov University» газетінің бас редакторы Гүлнара Қарашаға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың  алғыс хаты және  Медиа орталықтың қызметкерлері Сандуғаш Дүйсенбаеваға, Елена Кичатаяға, фототілші Есет Саргузинге, Видео әрлеуші Ерлан Зарлықовқа  облыстық  Ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Купеновтің  алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталды.

Мұнан соң басқарма төрағасы-университет ректорының міндетін атқарушы Рахым Бекназаров медиа саласының өкілдерін құттықтады. – Өзімнің және университет ұжымы атынан БАҚөкілдерін  кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Расында да журналистика шығармашылық өрісті ғана емес, кәсіби өршілдік пен аса терең мәдениеттілікті, жан-жақты білімділік пен ішкі тәрбиелікті қатар талап ететін мамандық. Сондықтан да осындай талғамды қоғамда қалыптастырып, айналамызға адал ақпарат жеткізуге атсалысқан, ауыр да абыройлы еңбектеріңіз үшін алғысымды жеткіземін.

Университет өмірінің әрбір жетістігін өз жетістігім деп біліп, қиындығына жүрегімен беріліп, әрбір сәтті қалт жібермеуге тырысатын медиа саласының қызметкерлерінің еңбегіне шығармашылық табыс тілеймін, – деді басқарма төрағасы. Осы жиында кәсіби шеберлігі мен университеттің дамуына сіңірген елеулі еңбегі  үшін бірқатар медиа майталмандары ректордың Алғыс хатына ие болды.  Сондай-ақ университеттің дәстүріне сай мереке қарсаңында   ұжымға бір айлық жалақы көлемінде сыйақы берілді.

Өз кезегінде Бастауыш кәсіподақ төрайымы Ольга Сұлтанғалиева Медиа орталық қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. – Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға әсері айтарлықтай үлкен. Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында оқу орнында болып жатқан ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біліп отырамыз. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, барлықтарыңызға шығармашылық табыс пен денсаулық тілеймін, – деді ол.

Сөз соңында Ольга Кашымқызы университеттегі Бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан кәсіподақ мүшесі, Медиа орталықтың директоры Жаннат Абильдаеваға сауықтыру шипажайына тегін демалуға жолдаманың сертификатын табыс етті. Жиын соңында Медиа орталығының басшысы Жаннат Абильдаева мен «Zhubanov University» газетінің бас редакторы Гүлнара Қараша, Медиа орталық мамандары Елена Кичатая мен Сандуғаш Дүйсенбаевалар әріптестерін құттықтап, университет басшылығына көрсеткен құрметі үшін ризашылықтарын білдірді.

Оқу орнында осыдан төрт жыл бұрын Бауыржан Ердембековтің бастамасымен Медиа орталық ашылды. Жыл сайын университеттің баспасөз қызметкерлерін құттықтау Бауыржан Аманкелдіұлының қолдауымен дәстүрге айналды, – дейді орталық маманы Сандуғаш Байғұлқызы. Медиа орталық құрылымы: университеттің баспасөз қызметі; «Zhubanov University» корпоративті газетінің редакциясы; дизайнерлік студия; типография; «BastauMedia» оқыту теле-радиостудиясы; әлеуметтік желілердегі алаңдар.

Медиорталық жұмысының негізгі міндеттері: университеттің позитивті медиаобразын қалыптастыру; университеттің ортақ медиа кеңістігін ұйымдастыру; университет қызметін ақпараттық сүйемелдеу жүйесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру; республикалық және жергілікті ресми бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас; бұқаралық коммуникация құралдарында университет туралы және өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Мерзімді баспа басылымдарын, блогосфераны, әлеуметтік желілерді, виртуалды қоғамдастықтарды, бейнехостингтерді қамтитын университеттің БАҚ жұмысын үйлестіру; университет қызметі туралы ақпараттық материалдардың сенімділігі мен өзектілігін бақылау; журналистика, қоғаммен байланыс және жарнама саласында студенттердің практикалық оқуын қамтамасыз ету. Қ.Жұбанов атындағы АӨУ ресми сайты 1998 жылы құрылды. 2018 жылдың қараша айында сайттың мобильді нұсқасы жасалды. Қазіргі таңда сайтты қайта құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті  жылдар бойы БАҚ үшін білікті кадрлар даярлауда. Университет түлектері  республикалық және аймақтық телеарналарда, Қазақстанның  ақпараттық және баспа басылымдарында табысты еңбек етуде. Білім алушылардың университеттің Медиа орталығында практикалық дағдыларды алуға тамаша мүмкіндігі бар. «Бастау» телерадиокешені өз жұмысын 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап, тыңдар құлақ пен көрер көзге «Қайырлы таң, ARSU», «Университет жаңалықтары», «Бүгінгі күн – тарих», «Кешкі подкаст», «Шытырман», «Саяхат», «Философиялық көзқарас» сынды арнайы дайындалған бағдарламаларды ұсынады.

Сондай-ақ телерадиокешеннің арнайы bastauradio.kz сайты ашылып, инстаграм және Вконтакте әлеуметтік желісінде де өз жұмысын көрсетуде. Сол арқылы жас журналистердің дайындаған арнайы материалдарын аталған кешеннің сайтынан тыңдап, әлеуметтік желідегі парақшаларынан көруге болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий