Тәуелсіздікке қосқан үлесімізбен мақтанамыз

Биылғы жыл – төл тарихымыздың айшықталып, бүкіл түркі әлеміне  паш еткен Тәуелсіздік деген – ғажап теңдесі жоқ атауға ие болғанымызға – 30 жыл толды. Бұл қазақ тарихындағы баға жетпес, баянды бақыттың, келешек ұрпақтың  жарқын болашағының  діңгегі. Тәуелсіздік толғауы барлық жерде түрлі тақырыпта бастау алып, жоспар бойынша жалғасын табуда. Соның бірі біздің балабақшада «Тәуелсіздіктің  – 30 жылдығына» арналған «Дені саудың  – жаны сау» атты ұжымдық эстафета ұйымдастырылды. 

Эстафета мақсаты – жас ұрпақты жан – жақтылыққа тәрбтелеу, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Және де еліміздің тәуелсіздігін ұлықтау. Сол сияқты  ұжымдағы әріптестеріміз бен бүлдіршіндеріміздің спорттық ойындарға икемділіктері мен шапшаңдықтарын анықтау. Эстафеталық сайысқа  ұжымдағы он қызметкер, топтар бойынша 10 ер бала, 10 қыз бала іріктеп алынып, топтарға  «Диета» тобы және  «Қыран» тобы – деп атау берілді. Сайыс  бірнеше  кезеңдерден тұрды. Сайыста баға берер әділ – қазы алқалары сайланды.

Спорттық сайыс он балдық жүйемен бағаланды. Сайыстың бағдарламасы төрт кезеңнен тұрды. Алғашқысы: «Таныстыру» (Топты таныстыру, ұраны); екінші кезең: «Құрбақа» ойыны. Бұл ойын үлкендерге арналған  ойын. Шарты: Екі топтан ортаға 2-2 ден төрт қатысушы шығады. Бірі құрбақа сияқты отырады, екіншсі үстінен секіріп өтуі қажет. Қалған қатысушылар әрі қарай жалғастырады. Келесі ер балаларға  арналған  «Асық ату» ойыны. Шарты: Екі топтан ортаға 1 – 1   ұл бала  шығады. Ортаға асықтар тізіліп қойылады. Кім асыққа сақаны  дәл тигізеді.

Сол топқа ұпай қосылып отырады. Балалар әрі қарай жалғастырады. Және де қыз балаларға  арналған «Кім епті» ойыны. Шарты: Екі топтан ортаға 1 – 1   қыз бала шығады. Ортаға ұзын таспаның ортасына белгі қойылып, екі жағынан екі қыз таспаны әдемілеп ширатып жинау керек. Белгіге дейін кім бірінші жинап болады. Сол топқа ұпай қосылып отырады. Балалар әрі қарай жалғастырады. Үшінші кезең: «Шеңбер ішінде жүре білеміз бе?»  үлкендерге арналған  ойын. Шарты: Ортаға екі топтан  тәрбиеші қатысушылар  шығады.

Тапсырма алдарыңызда берілген шеңбер ішімен жүріп межені айналып келу керек. Қай топ бірінші келеді. Сол топ жеңімпаз атанады. Келесі ер балаларға  арналған «Көтермек» ойыны. Ойынның шарты: Екі топтан ортаға 1 – 1   ұл бала  шығады. Олар бір – біріне арқамен тұрып, бірін – бірі көтереді. Кім бірінші көтереді. Сол топқа ұпай қосылып отырады. Және қыз балаларға  арналған «Кім жылдам?» ойыны. Бұл ойын шарты: Екі топтан ортаға 1 – 1   қыз бала шығады. Қолдарына доп беріледі. Сол допты межеден айналып келіп, келесі қатысушыға береді. Қай топ бірінші ойынды аяқтайды. Сол топ жеңіске жетеді.

Төртінші кезең: «Көл таусар» ойыны. Бұл ойынға  қыз балалар мен үлкендер қатысты. Ойынның шарты: ойынды топтағы қыз балалар межеде берілген ыдыстағы суды, стаканға құйып кетеді, ал тәрбиеші сол суды ішіп тауысады. Қай топ бірінші төкпей – шашпай тауысса, сол топ жеңімпаз атанады. Келесі ер балаларға  арналған «Күш сынасу» ойыны. Ойынның шарты: Екі топтан ортаға 1 – 1   ұл бала  шығады. Олар столға отырып күш сынасады. Қай топтың қатысушысы жеңеді. Сол топқа ұпай қосылып отырады.

Осылайша,  Жарыс заңы ежелден –
                    Жеңімпазды анықтау
                     Жеңімпаз болу шарты сол –
                     Еңбектену, жалықпау
                     Біреу озса сайыста,
                     Біреу артта қалады
                     Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады – деген, жүргізушілердің сөзінен кейін, біз өз қатысушыларымызға баға беруге асықтық.

Соңында жеңімпаздар анықталып, аса жауапкершілікпен ширақтық көсеткен «Қыран» тобы жүлделі бірінші орынды жеңіп алса, «Диета» тобы екінші қатардан көрінді. Сайысқа қатысқан барлық бүлдіршіндер мен қатысушыларға мақтау мағаздары берілді. Тәуелсіздіктің  отыз жылдығына қосқан үлесімізді осы жүзгізілген іс – шара арқылы жеткізуді жөн санадым.  

Бинур Тохтасыновна ЕЛАМАНОВА,
“Күншуақ” бөбекжай –
балабақшасының
меңгерушісі, Алматы облысының Іле ауданы,
Мұхамеджан Түймебаев ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий