Білім беру бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын жүргізу туралы

Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастау алған Қазақстанның қазіргі заманауи тарихында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жарияланған жемқорлықпен табанды және ымырасыздық күрес бағыты республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мағынасын қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген.

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша  Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Ақпараттық сервисіндегі Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет базасы 05.01.2021 жылы орнатылды. Бос жұмыс орын бойынша конкурс арқылы түсетін кандидаттарды тексеріледі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны немесе жасамағаны анықтау бағытында бүгінгі күнге дейін 33 кандидат тексерілді және бір кандидаттың сотталғандығы анықталды.

Білім беру бөлімінің  сайтында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес айдары ашылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, атқарылған жұмыстар  апта сайын салынып отырады. Үш жыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа басшылар мен қызметкерлер тартылмаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиороликтер білім беру бөлімінде және бағынысты мекемелерде мемлекеттік және орыс тілінде  жүріп тұрады. БҚО білім басқармасының сенім телефоны 87112260463, білім беру бөлімінің сенім телефоны 87113431306.

Сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат білсеңіз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сенім телефоны 1424 Call-орталығына хабарласа алатыңыз есіңізге саламыз. Facebook, Instagram  әлеуметтік парақшаларында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген кеңестер, заңдардағы өзгерістер 4 сауалнама,  3 челлендж жарияланып бөлісіп отырады. Білім беру бөліміне бағынысты ұйымдар бойынша  квазимемлекеттік  секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы  комплаенс (комплаенс – кәсіпорын қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкестігін қадағалау қызметі) қызметтері енгізілді.

Сәйкесінше сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеп өкілдері тағайындалып,  22 мектеп, 3 қосымша, 2 балабақшаның лауазымдық нұсқаулықтарына өзгеріс енгізіліп, бұйрықпен бекітілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жолдары бойынша арнайы стенд орнатылды. Әр тоқсан сайын білім беру бөліміне және бағынысты мекемелерге ішкі талдау жасалынып тұрады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық  тәуекелеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алып және БҚО әкімі Ғ.Есқалиевтің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2021 жылғы 5 сәуірдегі №63 өкімін орындау мақсатында Сырым ауданының білім беру бөлімінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №235 бұйрығымен зерделеу мерзімі белгіленді.

Бөлім басшысы мен мамандар және олардың жақын туыстарының, ерлі-зайыптарының немесе жекжаттарының бірге қызмет істеуіне жол берілген емес. Қорытынды есепті мерзім кезінде бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Бөлім ұйымдастырушылық басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер болған емес. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтар актілері болған жоқ.

Әділ Еркінұлы АХМЕТ,
Сырым аудандық білім беру бөлімінің
бас маманы, Батыс Қазақстан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий