“Мағжан оқулары”: Республикалық байқаудың үздіктері анықталды

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығына арналған республикалық «Мағжан оқулары» байқауын онлайн форматында ұйымдастырды, – деп хабарлайды осы жергілікті өңірдегі салалық құрылымның баспасөз қызметі. 

Павлодар облысынан «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша Екібастұз қаласы №33 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Алтынбек Айшабибі, «Толқынмен толқын  сырласып…» – Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары бойынша Ақтоғай ауданы Қараоба жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Кабиденова Гульназ және «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас дарындар конкурсы бойынша дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 11 сынып оқушысы Жанатова Асем қатысты.

Республикалық байқау қорытынды бойынша дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 11 сынып оқушысы Жанатова Асем және  Екібастұз қаласы №33 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы  Алтынбек Айшабибі ІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий