Жазғы мектеп – тәлімді уақыт

ҚР  Білім және ғылым министрінің  «2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығына сай аудан көлеміндегі 22 мектепте 2021 жылдың  26 мамыр мен 19 маусым аралығында санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Жазғы мектеп» жұмысын ұйымдастырды. «Жазғы мектеп» жұмысын ұйымдастырудың  басты мақсаты – оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру болды.

Қашықтан оқу кезінде иегере алмаған тақырыптарды оқушылар қосымша сабақтарда үйренді. Ұлттық білім академиясы 1 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі әр пәннің қиын тақырыптарына талдау жасап, нұсқаулықтар дайындап, мектептерге ұсынды. Сыни ойлауды дамытуға, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, интерактивті оқыту әдістемелерін (жобалар әдісі, пікірталас, ойын, іздеу әдістері) қолдануға, таза ауада сабақтарды ұйымдастыруға бағытталған жұмысқа білім алушылар өз қалауы бойынша тартылды. Аудан бойынша 21 мектептен 1003 бала  оқуға ниет білдірген  болатын.

Оқушылар мен педагогтар негізгі пәндердегі күрделі тақырыптарды қайталап, «Оқуға құштар» жобасы аясында тағы да басқа сол сияқты танымдық қабілетті арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастырды. Алғашқы рет ұйымдастырылғандықтан болашақта ескеретін тұстары бар екендігін байқадық. Атап кетсек, ата-аналармен бірлесіп оқушыларды танымдық орындарға апару ұйымдастырылса, тілдерді меңгертуге бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілсе, мектеп жобаларын дамытудағы шаралар ұйымдастырылса, оқушылардың қызығушылығы жан-жақты ескерілсе «Жазғы мектептің» балалар үшін берері көп екенін түсінуге болады. Баланың бос уақытын  тиімді ұйымдастыруда жазғы лагерьлермен қатар осындай мектептердің де пайдасы зор.

Лазат Сакеновна ТАПАЕВА,
білім беру бөлімі аудандық әдістемелік
кабинеті меңгерушісінің міндетін атқарушы,
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий