Павлодар NIS-тың оқушысы “Туған елге тағзым” экспедициясына қатысты

 

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің “Туған елге тағзым” өлкетанулық-зерттеуэкспедициясы Алматы қаласынан бастау алды. Павлодар NIS-тың 9С сынып оқушысы Темирлан Зорлықбаев, мектеп медбикесіБағдагүл Муканова, дене шынықтыру мұғалімі Қылыш Тусупжановтың жетекшілігімен жеті күннің ішінде Алматы облысының табиғи және тарихи орындарына саяхат жасады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.


Өлкетанулық зерттеу экспедициясының бағытындағы алғашқы нүктесі – Қазақстан-Швейцария Туризм, Мейрамхана және Қонақүй Бизнесі Институты. Экскурсия барысында павлодарлық делегация Институттың директорымен әңгімелесіп, сондай-ақ, қызметкерлер және ғалымдармен кездесті. Білім ошағының басшысы Г. Утебекова Туризмді дамытудың қыр-сырларымен бөлісті.

Осыдан кейін, павлодарлық делегация “Сұңқар” халықаралық шаңғы трамплиніне барды. Онда кешеннің инфрақұрылымын зерттеп, ақпарат жинады. Сондай-ақ, кешен қызметкерлерімен сұхбат жүргізді. Бұдан бөлек, ашық аспанастындағы “Алтын адам” мұражайында болды. Экскурсия барысында экспонаттармен танысып, олардың тарихы туралы білді.

“Туған елге тағзым” өлкетанулық-зерттеу экспедициясының екінші күнінде павлодарлық делегация – «Медеу» мұзайдыны кешеніне барды. Сондай-ақ, «Шымбұлақ» тау-шаңғы демалыс орнына арқан жолымен көтерілді. Онда олар Медеу-Шымбұлақ арқан жолы әкімшілігімен кездесіп, арқан жолының тиімділігі мен шығындары бойынша сауалнама-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осыменқатар, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының инфақұрылымымен танысты.

Экспедицияның үш күні – Алматы-«Ақбұлақ» шаңғы курортына бағытталды. Павлодар NIS-тыңөкілдеріонда «Ақбұлақ» шаңғы курортының шаңғы трассасын зерттеді. Содан кейін, Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің медбикесі Бағдагүл Муканова, дене шынықтыру мұғалімі Қылыш Тусупжановтың жетекшілігімен 9С сынып оқушысы Темирлан Зорлықбаев – Алматының ең көрікті жерлері «Көктөбеге» көтерілді.

Көктөбе – Қазақстанның ең көрікті әрі таңғажайып орындарының бірі. Қаланың ең биік нүктесі – Көктөбе теңіз деңгейінен 1100 метр жоғары. Павлодарлық делегация аспалы жолмен әуе трамвайы арқылы көтеріліп, таулардың көрінісінен ләззат алу мүмкіндігіне ие болды. Биіктіктен таулар мен қаланың керемет көрінісі алақандағыдай көрінеді. Айта кетерлігі, Темирлан Зорлықбаев “Туған елге тағзым” өлкетанулық-зерттеу бағдарламасында жүлделі орынға ие болды.

«Туған елге  тағзым» өлкетанулық-зерттеуэкспедициясы – «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және мәдениетін қалыптасыру бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылды. Жалпы, бағдарламаның мақсаты – туған жердің қасиеті мен байлығы, атақты тұлғалары мен батырлары, тарихы мен мәдениеті, жетекші өнеркәсіп орындарын дәріптеу арқылы оқушылар бойында ұлттық құндылықтар мен туған елге деген махаббатты қалыптастыру.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий