Таза мекен акциясы бастау алды

Тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай өңірде «Nur Otan» партиясының «30 игі іс» қайырымдылық марафоны жалғасын тапты. Игі шараның бір тармағында саябақ, сквер, ескерткіштердің маңын тазартып, сенбілік жұмыстарын жүргізу қарастырылған. жамбылдық жасотандықтар да шараға қолдау көрсетіп, «Таза мекен» экологиялық акциясын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мақсат – мәдени нысандарды қоқыстан тазарту, жастардың бойына патриоттық сезім ұялатып, тарихқа деген қызығушылығын арттыру. Тараз қаласында бастау алып, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарында жалғасқан акцияға елуден аса жасотандық қатысып, аймақтың көркеюіне үлестерін қосты. Акция аясында тараздық жастар қаладағы «Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу» және «Қолбасшы Қойгелді батыр» ескерткіштерінің маңын қоқыстардан тазартып, шөптерін шауып шықты.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде мәдени нысандардың ауласы тұрғындардың тынығатын орнына айналды. Мұндай акция аудандарда да жалғасын тапты. Атап айтсақ, құландық жастар аудан орталығындағы Тұрар Рысқұлов ескерткіші және Жеңіс саябағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Ал меркілік жастар сенбілік күнді Ауған соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш маңын тазартуға арнады. Аталған шара әр сенбі сайын облыстың барлық аудандарында жалғасын таппақ.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий