Ақмолалық оқушылар үздік экосоқпақ әзірлеуінде жарысты

«Экологиялық соқпақ» облыстық байқауын аймақтағы балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы биыл қашықтан ұйымдастырды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. Іс-шара экспедициялық жасақтардың экологиялық қызметін жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. 

Байқауға барлығы 9 аудан мен Степногорск қаласы және Урюпинка ауылының Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешенінен елуден астам оқушы қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, байқауға қатысушылар өз аймағында экологиялық экспедиция жасады. Экологиялық карта жасап, жергілікті жерде әзірленген бағыт бойынша Экологиялық соқпақтан өтіп, шартты белгілермен плакатқа түсіріп белгіледі.

Балалар жергілікті жерге бақылау және зерттеу жүргізді, флора және фауна, экологиялық бұзушылықтар, дәрілік өсімдіктерді зерттеп «Жасыл дәріхана» жинады. Байқау қорытындысының негізінде үздік жеңімпаздар анықталды: бірінші орын – Сандықтау ауданындағы Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі мен Степногорск қаласының Қырық құдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебіне бұйырды.

Екінші орынды Сандықтау аудандық Веселое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі еншілесе, үшінші орынды Степногорск қаласындағы А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы мен Жақсы аудандық Жақсы ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі місе тұтқан жайы бар. Бұл байқаудың жеңімпаздарына дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталып, үздіктердің жетекшілері облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий