Парасатты педагог мәртебелі мақтанышымыз

КСРО ағарту ісінің үздігі, ҚазКСР халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар Академиясының құрметті мүшесі, еңбек ардагері Светлана Мачнева биылғы маусым айының 28-і күні 80 жылдық мерейтойын атап өтті, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Жергілікті өңір мен еліміздің білім беру саласын дамытудағы зор еңбегі үшін Светлана Григорьевна «Еңбек Қызыл Ту орденімен», «Құрмет белгісі» орденімен, Ы. Алтынсарин медалімен, «Еңбек ерлігі үшін» медалімен медалімен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «КСРО ағарту ісінің үздігі» белгісімен, «ҚазКСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

Светлана Григорьевна өзінің еңбек жолын 1962 жылы 1 қыркүйекте Қостанай қаласының № 5 жұмысшы жастар мектебінде педагогикалық практикада математика пәнінің мұғалімі болып бастады, институтты бітіргеннен кейін Урицкий (Сарыкөл) ауданының Тағыл мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып жолданды. Өзінің еңбек жолында – 57 жыл математика мұғалімінен бастап облыстық білім басқармасының жетекшілігіне дейінгі көтерілудің барлық сатыларынан өткен.

 

Кейіпкеріміздің көп жылдық педагогикалық қызметі білім беру жүйесін жетілдіруге, білім алушылардың білім сапасын арттыруға, аймақтағы білім саласының ілгері дамытуға бағытталған. Қостанай политехникалық жоғары колледжінде Светлана Григорьевна Мачневаның мерейтойына арналған салтанатты құттықтау өтті. Мерейтой иесіне құрмет көрсету бағдарламасын Қостанай политехникалық колледжі мен Қостанай педагогикалық колледжі және «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ бірлесіп ұйымдастырды.

Шақырылған директорлар, қала және облыс педагогтары мерейтой иесіне өз сезімдерін жылы сөздермен, құрметпен білдірді. Атаулы күнді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Зауре  Әнуарбекқызы Байменова, «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Марионелла Васильевна Слесарь, Қостанай педагогикалық колледжінің директоры Ғалия Өлмесханқызы Уразамбетова, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің директоры Асқар Кәрімбайұлы Жаркенов, оның бас мұғалімі Тағыл мектебінің директоры Василий Амелянович Шалабаевтың  ұлы Абай Васильевич Шалабаев құттықтады.

 

Парасатты педагогтың шәкірттері атынан Болат Мурсалин және Қаппас Бекмағамбетов, Светлана Григорьевнаның әріптестері және құрметті педагогтар, патриоттар және педагогикалық еңбек ардагерлері Амангелді Оспанұлы Каткенов, Рысбике Қасымқызы Сүймекова, Каппас Бекмағамбетов, Айтпай Садуақасұлы Дощанов, Казихан Жолмағамбетұлы Рсалин Нина Викторовна, Колесникова, Солдат Малбакұлы Дутпаев, Раушан Әбдуғалиқызы Байсарина, Зинегүл Қайырбекқызы Нұрмұхамбетова, Үмітхан Куанышбайқызы Шилтиева, Сәуле Елеусізқзы Каримова және тағы басқалары сөз сөйледі.

Мерей той иесінің атына көптеген жылы сөздер, құттықтаулар айтылып, музыкалық нөмірлер көрсетілді. Салтанатты кездесудің соңында Светлана Мачнева барлық қатысушыларға ізгі ниеттегі алғысын жеткізді. Ол ұлағатты ұстаз ретінде жаңа әлемдегі тәуелсіз мемлекетіміздің мақсаты мен мұраттарына адал, нағыз патриот. Әрі белсенді басшы-ұйымдастырушы, практик-ғалым, нағыз азамат және жас әріптестерінің шығармашылық тәлімгері.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий