Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектепте сабақтастық негізінде ұйымдастырылған тәжірибе

Қазіргі таңда көптілді меңгеру заман талабы ғана емес, заманауи жастардың басты міндеттерінің бірі болғандай. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі, – деген болатын.

Бүгінгі нарық заманында бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу балабақшадан, бастауыш мектептен бастау алады. Саналы ұрпақ тәрбиелеуде «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасымыздың Жолдауын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде біздің ұжымда «Көптілділікке тәрбиелеу және оқыту» тақырыбында эскперименталды алаң жүргізілді. Бұл тәжірибиелік алаң 2018-2021 оқу жылдарына жоспарланған болатын.

Көп тілді оқытудың басты мақсаты – жан жақты қабілетті, бәсекеге сай, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қорытып, өзге жұртпен бәсекеде өзге тілде саралай алады. Балабақша бүлдіршіндері мен бастауыш сынып оқушыларының деңгейі жоғары дәрежеге жетпесе де, бастапқы деңгейдегі нәтижелері көңіл толтырады. Жүргізілген жоба барысында қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерінде сабақ өтіліп отырды.

Мұндай салмақты тәжірибиені жүргізу үшін ең алдымен білікті мамандардың талап етілетіні белгілі. Тәжірибиелік алаң жобасында үш бірдей педагогика ғылымдарының магистрлері жұмыс атқарды. Тәжірибиенің оқыту кезеңі үш кезеңнен тұрды: Ұйымдастыру, жүзеге асыру және қорытындылау кезеңі. Әр кезең сайын тәрбиеленушілер мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту формасы ұйымдастырылып, жоспарланды.

Мектепке дейінгі ұйымда және бастауыш сыныпта балаларды көптілдікке оқыту мен тәрбиелеу ойын арқылы жүзеге асырылады. Бүлдіршіндерге тілді үйрету барысында суретпен жұмыс, айтып жеткізу, театрланған көріністі сахналау сияқты тәсілдер қолданылды. Тіл мамандары, мұғалімдер өз шәкірттерін дайындап, қалалық және республикалық деңгейдегі семинарларға қатыстырып, жүлделі орындарға ие болды. Француз Альянсының қолдауымен кешен бүлдіршіндері халықаралық іс-шараларға да қатысты.

Тәрбиешілер мен мұғалімдер ата-аналармен бірлесіп дамыту жұмыстарын жүргізді, ата-аналар жиналыстарында, түрлі тренингтерде көптілді білім беруде көзқарастарын ортаға салды. Балалардың тілді меңгеруде педагогтермен қандай жұмыстар жүргізуге болатыны туралы пікірталас, дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады. Балабақша түлектері телеарналарда да өнер көрсетті. Балабақша мен бастауыш мектеп сабақтастығы негізінде бұл бүлдіршіндер қазіргі таңда бастауыш мектепте білімін жалғастыруда.

Айжан МАМЕТХАН,
Н.Әбдіров атындағы № 33 “Балабақша
бастауыш мектеп” кешен директоры,
Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий