Жазғы мектеп: Ұмытылмас әсердің мазмұны

Біздің білім ордасындағы 5-10 сыныптар  арасында  28 бала  «Жазғы  мектеп-2021»  бағдарламасы  бойынша  қосымша  білім  алды.  Әр  сыныпта  ата-аналар  өтініштері  бойынша  таңдаулы  пәндерден  сабақтар  жүргізілді.  Білім және ғылым  министрінің  «Жазғы  мектеп» тамаша  бағдарламасының негізінде пәндер  бойынша  курстың  тақырыптар  кестесі  құрылып, тақырыптар  саны мен күрделі мазмұндағылары айқындалды. Оқу  бағдарламасы  бойынша  қайталауға  және  қорытындылауға  арналған  тақырыптарға  сәйкес  түрлі  сабақтар  үлгісі  жасалды.

Оқушылардың  сабаққа  қатысуын   ата-ана  тарапынан  толық жүз пайыз қадағаланды.  Карантиндік  талаптарға  сай  оқушылар  санитарлық-гигиеналық  нормаларды  орындап, ара-қашықтықты  сақтай  отырып, бетперде  тағу сақталды. Әр  күн  сайын  оқушылардың  пәнге  қызығушылығы  арта  түсті. Мұғалімнің  сабақ  өткізу  үрдісі де  өзгеше  болды.  Бір  сабағында  саяхат  сабағын  өткізсе, келесі  сабақта  шығармашылық  сабаққа түрлендіре білді. 

Білімдерін  бекіту  мақсатында  сынақ  пен  тест  сабақтарын  да ұйымдастырды.  Әр  сабаққа  ойын  элементтерін  кірістіре  отырып,  АКТ  құрылғыларын  тиімді  қолданды. Сабақ барысында  оқушылар  өзара  жарыстар  ұйымдастырып, бірін-бірі толықтырып, өз  ойларын  білдіре  жатты. Пікір-талас  сабақтар  өте  қызықты  өткізіліп, бір-біріне  сабаққа  қатысты  сұрақтар  да  қойды.  Жұптық  жұмыстарда  оқушылар  постер  қорғады. Практикалық  сабақтарда  ізденіс  жұмыстары  өте  жақсы  жүргізілді. 

Әр  сабақ  соңында  оқушылар  мен  мұғалім  арасында  рефлекция  бөлімінде,  оқушылар  мұғалімге  кері  байланыс  жасап  отырды.  Оқушыларға  мұғалім  үй  тапсырмасын  бермей, сабақ  барысында  тапсырмаларды  жеңілден  күрделіге  қарай  жасағаны  өз  жемісін  берді  деуге  болады. Әр  тапсырманы  қызыға,  аса  қатты  тартыста  орындағандықтан  тапсырманың  күрделілігін  аңғармай  қалған  кездер  көп  болды.  Оқу  жылы  барысында  пәндер  бойынша кездескен  күрделі  тақырыптар  жеңіл  тақырыптар  қатарына  ене  бастады.

Оқушылар үшін осы 26.05 – 19.06 аралығы  көзді  ашып-жұмғандай  өте  шықты. Өте  белсенді  болған  оқушылар  мектеп  директорының  мақтау  қағазымен  марапатталды. Осылай  «Жазғы  мектеп-2021» біздің  мектепте  қызыққа толы болуымен ұмытылмастай әсерлі әрі мазмұнды бағытта ұтымды ұйымдастырылғанын айрықша атап айтқанымыз абзал.

Гульнар  МУХАМАДЬЯРОВА,
Жетісу  орта  мектебінің математика
пәні  мұғалімі, педагог-зерттеуші,
ЖП әдістемелік бірлестік  жетекшісі,
Алматы  облысының Сарқан ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий