Математиканы қашықтан оқытудың ерекшеліктері

Қашықтан оқыту дегеніміз не? Қашықтан оқыту – бұл оқу үдерісінің оқытушы мен студенттер арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі. Қашықтан оқытудың артықшылықтары: оқытушының да, білім алушының да оқытудың уақыты мен орнын тиімді таңдай білуі: білімнің тиянақтылығы; оқытушы мен білім алушының да арасындағы қарым-қатынастың қажеттілігінше болуы.

Білім берудің дифференциациясы мен индивидуализациясы; уақыт пен қаржының үнемділігі; ата-ана бақылауы (ата-аналардың білім беру үрдісін және оқытушылармен қарым-қатынасын бақылау мүмкіндігі). Қашықтан оқыту технологиясы. ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар. Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасы.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың цифрлы мемлекет туралы тапсырма жүктеген Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауының жетінші бағытында «Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты … жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі, – деп көрсетілгендей, математика пәнін оқытуға және оқушылардың математикалық ойлауын дамытуға басым назар аударылып отыр.

Қазіргі таңда оқушылардың әртүрлі білімдерін көтеру және оқушымен тұрақты байланыс орнату мақсатында жасалған интернет ресурстар мен құралдар жеткілікті. Олардың көпшілігі семинарларда, конференцияларда айтылып, көрсетіліп жүр. Дегенмен бұл ресурстардың басым көпшілігі математикаға бейімделмеген (неге десеңіз, математиканың басқа пәндерден өзіндік ерекшеліктері бар: формула енгізу, графигін салу).

Соның салдарынан математика сабақтарының көпшілігі дәстүрлі сабақ (оқушылар үшін қызықсыз болуының бір себебі) болып қалып қоюына тікелей әсер етіп отыр. Білім берудегі бес күндік жүйе оқушының үйден өздігінен сабаққа дайындалуға қажеттілігін туғызып отыр. Әрине үй тапсырмасын көлемді етіп бере салу – мұның шешімі бола алмайды. Әр оқушымен жеке байланыс орнатып, өз деңгейіне сай тақырыптық сұрақтар дайындау, сонымен қатар, әр орындалған тапсырмаға кері байланыс беру мұғалім міндетіне жүктеліп отыр.

Біз мұндай қиыншылықтан қалай шыға аламыз? Немесе қалай тиімді жүзеге асырамыз? Біз үйден интернет арқылы оқушыларға ресурстар мен тапсырмалар беріп, оның орындалуын бақылауды автоматтандыра аламыз. Біз қашықтан оқыту дегенді сырттай оқытумен шатастырмауымыз керек, және бұл үй жұмысы секілді күнделікті және үздіксіз процеске айнала алады. Жоғарыда көрсетілгендерді жүзеге асыру үшін мұғалімге қажетті онлайн-құралдарға мысал келтірейік.

Қашықтан оқытудың және кері байланыс жүзеге асырылған желілер мен платформалар: Whatsapp; Kundelik.kz; Googleclassroom; Bilimland.kz; daryn.online; Zoom; Discord; Microsoft; Youtube; Skipesabak.kz және Aitube.kz. Қашықтан сабақ құрылымы: Сабақтың тақырыбы: МЖМББС сәйкестігі. Сабақтың мақсаты:  білім алушыға бағдарланған Smart-мақсат. Теориялық бөлім: сабақты өзінідк тапсырмаларын орындауға және тақырыпты ашуға көмектесетін негізгі және қосымша ақпараттар (презентациялар, бейне сабақтар, әдебиеттер тізімі және Интернет ресурстарына гиперсілтеме және).

Құрал-жабдықтар: оқу құралдар, жабдықтар,  сөздіктер және тағы да басқалар бойынша. (білім алушыға тапсырманы орындау барысында қажет болатын ресурстар). Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар: тапсрыманы орындауға нұсқалар және бақылау тәсілі (Білім алушы не істеу керектігін және нәтижені қалай рәсімдеу қажеттігін түсінуі тиіс). Тақталар. Padlet- онлайн тақтасын құруға арналған тегін платформа: Padlet онлайн қызметі сіз немесе кез келген адам өз қолтаңбаңызды қалдыра алатын, суретті тіркей алатын, файлды немесе хабарландыруды орналастыра алатын қалалық қабырғаның тікелей сандық ұрпағы болып табылады.

Padlet — бұл әр оқушыға өз жұмысын тақтаға шығаруға, ал мұғалімге-оған көп уақыт жұмсамай және ауыр дәптерлерді жинамай-ақ, әр мұғалімге түсініктеме беруге және бағалауға мүмкіндік беретін қызмет. Белгілі бір тақырып бойынша материалдарды ортақ жинау үшін тақтаны пайдалануға болады. Бұл ретте оқушылар барлық сыныпта да, топта да жұмыс істей алады. Барлық ресурстар бір жерде жиналады және ешқашан жоғалмайды. Сервис толығымен тегін, орыс тілінде және жасалатын беттер мен қатысушы пайдаланушылардың санына ешқандай шектеулер жоқ.

Жұмысты бастау үшін оқытушы Google немесе Facebook-те тіркелу немесе бар аккаунттарды пайдалану қажет. Мұндай виртуалды тақтада материалды қайталау үшін кейінірек пайдалануға ыңғайлы. Сонымен қатар сабақта пайдаланылатын таныстырылымдарды, бейнематериалдарды жүктеп қоюға өте қолайлы және де үнемі сақтаулы тұрады. Білім алушы қалаған уақытында сілтеме арқылы кіріп, түсінбей қалған материалды қайталап көріп қатесін түзете алады. Мұғалімнің кері байланыс жасауға да таптырмайтын құрал.

Сабақтарымда quizlet тақтасының мүмкіндіктерін пайдаланамын. Сабақ барысында өткен  материалдар мен терминдерді, формулаларды  еске түсіруге өте көп көмегін тигізеді. Бұл тақтада карточкалар арқылы да, тест түрінде де, сәкестендіру арқылы да тапсырманы бірнеше әдіспен қайталап, білім алушының ұзақ мерзімді жадыға сақтауға үлкен септігін тигізеді. Quiziz.com; online.test.pad сияқты білім сынау жаттықтырғыштары арқылы  оқушыға тесттің әртүрлі варианттарын ұсына аламын.  Тесттің 25-ке жуық түрі бар. Сәйкестендіру тесті, «Миллион кімге бұйырады?», кластарға жіктеу, көп дұрыс жауабы бар тест, «ат жарыс» ойын элементтері кірістірілген. Ол жерде көбінесе орыс тілінде кездеседі.

Сол сайттарға тіркеліп есептерімді енгізіп сабақтарға пайдаланудамын. Бұл білім платформалардың ең үлкен көмегі уақытты ұтуға, білім алушының білім деңгейін анқтауға, олардың арасында рейтинг жүргізуге өте тиімді екенін айтып кеткім келеді. Бұл ресурстардың барлығына ортақ артықшылықтары мен кемшіл тұстарын атап өтейік: математикаға бейімділігі (формуланы, графикті, кірістіруге болады); интерфейсінің түсінікті және пайдалануға ыңғайлы болуы; кейбір ресурстың ағылшын тілінде болуы; үздіксіз интернеттің болуын қажет етеді. 

Қашықтан оқыту технологиясы – оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология.

Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады. Қорыта келе, оқушылардың бірнеше ақпарат көздерінен өзекті ақпаратты таңдауға дағдыландыру қажет деген оймен, мен математика пәні мұғалімдерін жаңашылдыққа және үнемі ізденіске, сабақ барысында бір ғана кітаппен шектелмеуге шақырамын.

Жанар Нурлыбековна ДУРМЕКБАЕВА,
Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын
көпбейінді гимназияның математика пәні
мұғалімі, ШҚО, Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий