Вакцинацияланған студенттер мен оқытушылар арасында жоғары оқу орындары ұйымдастыратын акциялар туралы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті: үш ай көлемінде студенттер үйінде тұруға жеңілдік; оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер үшін Ыстықкөлге жеңілдетілген жолдамалар; Қазақстанның көрікті жерлеріне туристік сапарлар; университет асханаларында студенттер мен қызметкерлерге 1 айға тегін тамақтану талоны; студенттерге “жол ақшаларын” қосымша төлеу; бағалы сыйлықтар; студенттер мен қызметкерлерге арналған ағылшын тілін оқыту сертификаттары; ағылшын тілі бойынша IELTS/TOEFL емтихандарына дайындалуға жеңілдік, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті: сауықтыру орталықтарына 50 тегін жолдама; Түркістан және Семей қалаларына тарихи орындарға тегін жолдамалар; студенттік спорт орталығына тегін абонементтер; қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге арналған тегін сертификаттар; ірі сауда орталықтарында тауарларды сатып алу үшін вакцинацияланған оқытушыларға 40 ақшалай сертификат. 

НАРХОЗ университеті: вакцинацияланған талапкерлерге арналған ЖОО-ның жеке гранттары (талап етілетін GPA сақталған жағдайда мерзімді ұзарту мүмкіндігімен бір курста оқу ақысын төлеу); 2, 3, 4-курс студенттері, магистранттар мен докторанттар үшін ЖОО-ның жеке гранттары (талап етілетін GPA сақталған жағдайда мерзімді ұзарту мүмкіндігімен бір курста оқу ақысын төлеу); Curriculum сәйкес MBA бір курсын (дисциплинаны) тегін оқуға 3 орын. 

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті: ЖОО-ның вакцинацияланған қызметкерлері мен оқытушыларына 10 000 теңге мөлшерінде біржолғы сыйлықақы; студенттер үйіндегі бассейнге баруға 50% жеңілдік; 30 студентке туристік жолдамалар мен үш ноутбук; вакцинацияланған студенттер арасында оқу ақысын төлеу кезінде 30, 50, 100% жеңілдік алуға лотерея ұтысы; ағылшын тілін оқыту бойынша тегін курстар: ЕСКЕРТУ: конкурстар барлық білім алушының 60%-дан астамы вакцинациядан өткен кезде өткізіледі. 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті: 100 білім алушыға бір жылдық оқу ақысына (2021-2022 оқу жылына) 5% жеңілдік; 50 білім алушыға 20 000 теңге ақшалай сыйақы; 50 білім алушыға Қапшағай жағажайындағы «Ұстаз» демалыс орнына жолдама; 60 бакалавр түлектеріне  магистратураға түсу үшін «I teach in English» ағылшын тілі бойынша дайындық курсына тегін сертификат; 20 білім алушыға кітап сатып алу үшін 10 000 теңге көлеміндегі сертификат; 100 білім алушыға «Abai University» имидждік өнімдер жиынтығы табысталады

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті: “Үздік куратор-мотиватор” байқауының жеңімпазына туристік жолдама немесе Абай туған жеріне саяхат; 15 000 теңге сомасына 50 сертификат; 2021-2022 оқу жылында оқу ақысын төлеу кезінде 5% жеңілдік. 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті: ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттерге Нұр-Сұлтан қаласына 30 тегін жолдама; қызметкерлер мен студенттерге спорт-сауықтыру кешенінде бассейнге арналған 30 тегін абонемент; жазғы сауықтыру лагеріне студенттерге арналған 30 тегін жолдама; қызметкерлер мен студенттерге фитнес-залға 30 тегін абонемент және 30 студентке бір оқу жылының көлемінде жатақханада тұруларына 50% жеңілдік.

 

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті: Конституция күніне қызметкерлер мен оқытушыларға сыйақы беру; “Сосновый бор” шипажайына 10 тегін жолдама; 2021-2022 оқу жылында оқу ақысын төлеу кезінде 10% жеңілдік; 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраның оқу ақысын төлеу кезінде 10% жеңілдік; қосымша білім беру курстарын тегін ұйымдастыру; 2021-2022 оқу жылында студенттер үйінде тұруға 50% жеңілдік. 

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті: студенттер үшін – Түркістан мен Қазығұрттың киелі жерлеріне бір күндік автотур-экскурсия; университет лагеріндегі 3 күндік жазғы мектеп; вакцинацияланған студенттер арасында Shymkent BIKE-ден бір айлық абоненттік билеттердің ұтыс ойынын ұйымдастыру және бес білім алушыға TOEFL емтиханын тегін тапсыру мүмкіндігі. Оқытушылары мен қызметкерлері үшін: Сарыағаштағы санаторлық-курорттық демалысқа 10 жолдама (ұтыс ойыны кездейсоқ сандарды генерациялау әдісімен ойнатылады); 10 оқытушы мен қызметкер үішн TOEFL емтиханын тегін тапсыру мүмкіндігі; университеттің 8 оқытушысы мен қызметкері жатақханада 1 ай мерзімде (тамыз) тегін тұрады және 30 қызметкер мен оқытушыны ақшалай көтермелеу.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті: вакцинацияланған студенттер мен оқытушылар үшін ағылшын тілі курстарына тегін сертификаттар

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий