«Орда» университетінде Орталық Азия халықтарының генофондына бірлескен ғылыми зерттеу жүргізілді

«Орда» университетінде Ұлттық биотехнология орталығының «Адам генетикасы» зертханасы меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, PhD, қауымдастырылған профессор Жабағин Мақсат Қизатұлының жұмыс сапары болды.

Орталық Азия халықтарының генофондына бірлескен ғылыми зерттеу жүргізілді.

Генетикалық тестілеу және молекулалық-генетикалық жұмыстарды жүргізу үшін шетелдік студенттердің еріктілерімен және қазақ халқының шежіресін ғылыми зерттеулер бойынша пилоттық жоба өткізілді.

Осы зерттеудің арқасында бірыңғай генетикалық мұраны және Орталық Азия халықтарының тарихын қайта жаңартуға мүмкіндік беретін нәтижелер алуға болады.

Сонымен қатар, Мақсат Жабағин ҚР Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі болғандықтан ҚР Ғылым туралы Заңына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды талқылап жинақтадық, Ұлттық биотехнология орталығының генетика зертханасымен ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды.

 
 
 

 

«Орда» университетінің ректоры
PhD Б.Е. Жакипбаев

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий