Есказина Гүлжайнар – медицина колледжінің үздік оқытушысы

«Біздің сүйікті дәрігер» – 2021 атты республикалық байқауында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова  атындағы Ақтөбе Жоғары медицина колледжі директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары аталымының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Республикалық байқауда еліміздің медицина колледждерінен тоқсан оқытушы қатысты. «Altyn shipager» медициналық жүлдесінің жеңімпазы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін тәмамдап, медициналық колледжде  2011 жылдан бастап  жас ұрпаққа жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді. Гүлжайнар Талғатқызы  «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік Үздіксіз Білім Беру Университеті Қазақстан-Фин қос дипломды магистратурасы бағдарламасы бойынша және JAMK (Финляндия) «Master of Health Care»  қолданбалы  ғылымдар университеті (денсаулық сақтау магистрі)  магистр дәрежесін алды.

2018 жылы  Фин сарапшыларымен бірге «Care competences of nursing teacher» құзыреттілігін әзірлеуге қатысты. Сонымен қатар, колледжде ғылыми жұмыстың жүргізілуі мен қолданбалы бакалавриат біліктілігі бойынша мамандарды дайындауда зор үлесін қосып жүр. Ол еліміз бойынша тоқсан медициналық колледждердің арасында бақ сынап, «ALTYN SHIPAGER» медициналық жүлдені иеленіп, үздік оқытушы атанды. Кейіпкеріміз жуырда елордада отандық медицина қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігі тарапынан ұйымдастырған дәстүрлі «Алтын шипагер» сыйлығын табыстау рәсіміне қатысып, марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий