Соңғы 10 жылда 30 мыңнан астам қазақстандық авторладың мақалалары Scopus базасында жарияланды

Бұл туралы Elsevier аналитикалық шешімдерді әзірлеу бөлімінің бастығы Кирилл Иванов ЕҰУ-дегі онлайн жиын барысында айтты, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. «Басылымдардың саны тұрақты өсуде. Ал, сапасы тұрақты деңгейде. Бірінші және 2 квартильді журналдардағы жарияланымдардың үлесі шамамен 50% құрайды, – деді.

Сондай-ақ ол Scopus халықаралық деректер қорына Қазақстанның 6 журналы енгенін және оның 3-еуі Еуразия ұлттық университетінде шығарылатындығын атап өтті. «Журналдың Scopus мәліметтер базасына енуі журналдың мазмұны мен ғылыми жұмысының сапасын мойындауды ғана білдірмейді. Сонымен қатар жетекші әлемдік зерттеушілерге журналдың мазмұнымен танысуға және оны өз материалдарында қолдануға мол мүмкіндік береді», – деді ол.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий