ЕҰУ-де қандас жастарды қолдауға арналған үш жақты меморандумға қол қойылды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Арғын Серғазыұлы, «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші проректоры Еркін Оңғарбаев қандас жастарды қолдауға арналған үш жақты меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Меморандумның мақсаты: шетелде Қазақстанның білім көрмелерін ұйымдастыруда бірлескен шаралар өткізу; шетелдегі ұлты қазақ білікті ғалымдар мен академиялық ғылым, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен қарым-қатынастар орнатып, ғылыми байланыстарды нығайту; шетелдегі дарынды қазақ жастары арасында әр сала бойынша олимпиада, конкурстар ұйымдастыру; шет елдердегі қазақ диаспорасына қатысты шаралардың барлығын  бірлесе атқару; ұлттық университет базасында «Қазақ диаспорасы, демография және көші- қон» ғылыми – зерттеу орталығын ашу.

Меморандумға қол қою барысында үш жақты келісім негізінде жүйелі жұмыс жоспары құрылып, алдағы уақытта әр бағыт бойынша іске асырылмақ. Тараптар, әсіресе, қандас жастарға білім беру, ғылым саласындағы зерттеуші ғалымдар еңбегін насихаттап, жариялауға атсалысу және мәдени-гуманитарлық салалардағы қызметтерді білесе атқару туралы келісімге келді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий