Сулейман Демирель атындағы университетке жаңа ректор тағайындалды

2021 жылғы шілде айының 1-інен бастап Давронжон Гаипов Сулейман Демирель атындағы Университеттің ректоры болып тағайындалды. Давронжон Эркинович Түркістан облысында 1981 жылғы 25 қыркүйекте дүниеге келген, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. 

Д. Гаипов Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ магистратурасын және Еуразиялық Гуманитарлық Институтының докторантурасын бітірген. Кэмбридж университетінің Педагогика факультетінде тағылымдамадан өткен, «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

2009 жылдан бері Сулейман Демирель атындағы университетте әртүрлі қызметтер атқарып, 2017 жылдан бері СДУ Академиялық істер және ғылыми зерттеулер жөніндегі проректоры болды. Үйленген, төрт баласы бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий