Асхат Аймайғамбетов отандық білім беру саласының корифейі Қажахмет Балахметұлын 95 жас мерейтойымен құттықтады

Отандық білім беру ісінің корифейі Қажахмет Балахметовті 95 жас мерейтойымен құттықтау үшін, үйіне бардым. Оған отандық білім беру саласын дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірдім, – деп жазады ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фейсбук әлеуметтік желісіндегі кезекті жазбасында.
Қажахмет Балахметұлы 13 жылдан астам білім беру саласын басқарды. Ауылдан шыққан мұғалім Қазақ КСР білім министрі болды. Қажахмет Балахметұлы әлі күнге дейін білім саласы туралы үлкен құлшыныспен айтып, осы саланы бар жан-тәнімен қолдайды. Ол білім беру ісіндегі жаңалықтарды қадағалап, барлық жаңашылдықтар мен қабылданған шешімдер туралы хабардар болып отырады. Осындай ардақты ағаларымыз аман болсын!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий