Балалар домбыра үйірмелеріне де тегін қатыса алатындай жағдай жасалып жатыр

Қазақстанда домбыра күні тойланып жатыр. Мерекеге орай елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен іс-шара өтті. Президент сөз барысында домбыраның қазақ халқы үшін қасиетті аспап екенін, ол туралы аңыздар жазылып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқанын айрықша атап айтты, – деп жазады ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Домбыраның салт-дәстүріміз бен мәдениетімізде, тарихымызда алатын орны ерекше екені белгілі. Құрманғазы, Дәулеткерей, Махамбет, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова сынды ата-бабаларымыздың күйлері көпшілікке мәлім. Халқымыздың ең басты музыкалық аспабы тек күй төгіп қана қоймай, сонымен қатар бұрын да, қазір де танымал болған айтыскер ақындарға шабыт береді. Сүйінбай Аронұлы, Біржан сал, Сара Тастанбекқызы және басқа да ақындар қазақ мәдениетін насихаттауға зор үлес қосты.

Қазір Қазақстан Президенті ұлттық бірегейлікті нығайтуға ерекше назар аударып отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін мектептерде домбыраны үйренудің қажеттігін айтқан болатын. Орта білім беруге домбыраны енгізудің жақсы бір үлгісі Назарбаев зияткерлік мектебі болды. Оқушылар бір оқу жылының ішінде домбырада ойнауды үйренеді. Одан әрі жетілдіргісі келетіндер оны қосымша сабақтарда жалғастыра алады. Біз бұл тәжірибені орта мектептерде таратуды қарастырып отырмыз.

Бірақ ол қосымша жүктеме әкелмей, жалпы оқу жүктемесінің ішінде іске асырылатын болады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы биылдан бастап елімізде мемлекеттік тапсырыс бойынша шығармашылық үйірмелер жұмыс істей бастағанын атап өтті. Әртүрлі үйірмелермен қатар, балалар домбыра үйірмелеріне де тегін қатыса алатындай жағдай жасалып жатыр. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий