Жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша “Бөбек” орталығы обсерваториясында STEM-білім беру

“Бөбек» ҰҒПББСО Обсерваториясы директорының орынбасары Әсел Кенжетай тікелей эфирде «Жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша «Бөбек» Орталығының Обсерваториясында STEM-білім беру» тақырыбы бойынша сөз сөйледі, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

Ол қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция жүріп жатқанын атап өтті: ақпараттың қарқынды ағындары, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертеді. «Қоғамның сұраныстары, жеке тұлғаның мүдделері де өзгеруде. Робототехника, құрастыру, бағдарламалау, модельдеу, 3D-жобалау және тағы да басқалар. Міне осылар бүкіл әлемнің қазіргі оқушыларын қызықтыратын нәрсе. Осы мүдделерді іске асыру үшін күрделі дағдылар мен құзыреттер қажет.

Білім және дағды ғана емес, сонымен қатар зерттеу және ойлап табу маңызды. STEM (science, technology, engineering and mathematics) деген бір сөзбен біріктіретін, ғылым, математика, технология және инженерия сияқты негізгі академиялық салаларда бір уақытта даму керек, – деді ол сөйлеген сөзінде. STEM – бұл оқытудың интеграцияланған тәсілі, оның аясында академиялық ғылыми-техникалық ұғымдар нақты өмір контекстінде зерттеледі.

Бұл тәсілдің мақсаты – STEM-сауаттылығының дамуына ықпал ететін мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында тұрақты байланыс орнату. Бұдан әрі Әсел Кенжетай обсерватория, оның қызметі және дарынды балаларды қолдауға арналған робототехника және ғарыштық білім беру саласындағы халықаралық, республикалық және қалалық іс-шаралар туралы айтып берді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий