“Жас маман” жобасы: Бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың маңызы

«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 23 қаңтарында «Жастар жылы» салтанатты шарасының ашылуында берілген тапсырмасы негізінде әзірленген. Бұл жоба «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының құрамына кіреді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына сәйкес “Жас маман” жобасының операторы болып “Кәсіпқор” холдингі” КЕАҚ белгіленген.

Бұл жобаның мақсаты – еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды әзірлеу. “Жас маман” жобасы бойынша материалдық техникамен жабдықтау, шетелдік әріптестерді тарту, халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстары 2020-2021 жылдары жүзеге асырылуда.  «Жас маман»  100/200 қағидаты бойынша әзірленген бағдарлама.  Яғни, 100 дегеніміз қазіргі күні еңбек нарығында сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандық болса, сол 100 мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғыртып, халықаралық стандарт талаптарына сай мамандар әзірлеу.

“Жас маман” жобасын жүзеге асыру ережелері, механизмдері 27 қыркүйек күні қабылданып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің №425 бұйрығымен бекітілген. Осы орайда сұранысқа ие 100 мамандықты  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі анықтап, тізімін жасағаны белгілі. Колледждерді жабдықтауға ар­нал­ған жабдықтардың тізімі жергілікті атқарушы органдар мен колледждердің ұсыныстарына, жұмыс берушілердің талаптары мен WorldSkills стандарт­тар­ына сәйкес жасалған.

Жабдықтарды сатып алу Қазақстан Республикасының мем­лекет­тік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Жас маман» жобасы нәтижелерінің іске асырылуы барлық мүдделі тараптардың қатысуымен бақыланады. Жобаны жүзеге асырушылардың сөзінше, салалық халықаралық стан­дарт­тардың енгізілуіне байланысты кәсіп­орындардың жұмыс істеп тұрған қыз­меткерлерін олардың талаптарына сәйкес оқыту және қайта даярлау бөлі­гін­де кәсіпорындармен өзара тиімді ынтмақтастық орнатылады.

Бұл колледждерге компанияның оқу/тренинг орталығы ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді, осылайша колледждің одан әрі дамуына қосымша бюджеттен тыс кірісті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ құзыреттілік орталықтарының базасында жастарды инновациялық және стартап-жобаларға тарту үшін бизнес-инкубаторлар технопарктердің жұмысы ұйымдастырылады, онда тартымды жобаларды қаржыландыру үшін бизнес орта шоғырландырылатын болады.

Егер қазақстандық оқу орындары халықаралық стандарттар бойынша кадр­ларды бірден даярлайтын болса және жұмыс берушілерге жалға алу алдында жас мамандарды «қосымша оқуға» және сертификаттауға тура келмесе – бұл қа­зақ­стандық компаниялардың бюд­жет­те­ріне түсетін жүктемені айтарлықтай азайтады, сондай-ақ жергілікті студенттер еңбек нарығына біраз тартылары анық еді.

«Жас маман» жобасына Шелек политехникалық колледжі де қатысып (келісім шарт 16.03.2021ж.) мемлекеттік сатып алу шешімімен талқыланып «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша іріктеуден өтті. Материалды-техникалық жабдықтар тізбесі конкурсқа жарнамалау үшін мемлекеттік сатып алу веб порталына енгізіліп, халықаралық стандарттарға сай заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Құрал-жабдықтарды жеткізуші  фирма ТОО «Казинтерсервис»- тің жеткізу уақыты – 12.09.2021 жылға дейін. Шеберханаларда жабдықтарды орналастыру жайлы дайындық жұмыстары  тиімді түрде ұйымдастырылуда. WorldSkills International чемпионатына біздің колледж студенттері 2015 жылдан бастап белсенді түрде қатысып келеді. WorldSkills бұл – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруды, олардың шеберлік дағдысын дамытуды көздейтін халықаралық коммерциялық емес қозғалыстың атауы.

Біздің колледж қатысушыларының халықаралық деңгейдегі жетістіктері жақсы десек болады. 24.06.-25.06.2021 жылы  аралығында «Электромонтаж» және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» құзіреттіліктері бойынша  3- курс студенттері Вахит Теип және Оганес Карапетьянц қатысып екеуі де III- орынды иеленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында кәсіби білім берудің маңызына да  тоқталып, «кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн» екенін баса айтқан. 

Жастарға сапалы кәсіптік-техникалық білім беру –  заман талабы. Осы орайда “Жас маман” жобасының артықшылығы – ең қажетті мамандықтарға басымдық берілуі. Яғни қазіргі сұраныстағы мамандықтарды сапалы етіп шығаруға ерекше мән беріліп отыр. Сонымен қатар, бәсекеге қабілетті маман даярлау бойынша оқыту жоспарларының барлығын жандандырып, өзгертіп жатқандарын жеткізді. Қазақстан экономикасын дамытатын, елді алып жүретін келешек мамандар бәсекеге қабілетті, өз елінің патриоты болатындай жастарды тәрбиелеп шығуымыз керек  деп ойлаймын.

Қуат Құрманғалиұлы ДҮЙСЕБАЕВ,
Шелек политехникалық колледжінің
директоры,
Білім беру ісінің құрметті
қызметкері,
Алматы облысының
Еңбекшіқазақ ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий