Меморандум: Өзара ынтымақтастық мақұлданды

«Бөбек» Орталығына «Жаңа мектеп» білім беру мекемесінің директоры Гүлнәр Карамендинова келіп қайтты. Сапар барысында Алматы қаласы Білім басқармасының «Жаңа мектеп» білім беру мекемесі мен ҚР БҒМ «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

Меморандумның негізгі мәні семинарлар, конференциялар, мастер-кластар, педагогикалық оқулар, шығармашылық шеберханалар ұйымдастыру арқылы балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Сондай-ақ, Жаңа мектеп базасында «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжі студенттерінің кәсіптік практикадан өтуі туралы шарт жасасты. Оңды және қызықты кездесу үшін рақмет. Ынтымақтастық үшін шын жүректен қуаныштымыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий