Сафи Өтебаев университеті: Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салу науқанына қатысуда
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті коронавирустық инфекциядан вакцинациялау науқанына қатысуда. Профессорлық-оқытушылар құрамына, студент-магистранттарға және қызметкерлерге екпе алудың маңызы туралы ақпараттық-түсініктеме жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының сыртқы коммуникация және PR орталығы.
Университеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, ресми сайтында екпе алған студенттер мен оқушылар құрамына қарастырылған мүмкініктер мен жеңілдіктер туралы жариялануда. Екпе алған қызметкерлер мен студенттерді ынталандыру мақсатында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан қаласына 20 студент, 10 қызметкер саяхатқа жіберіледі; кәсіподақтан шипажайға екі адамға жолдама беріледі.
2021-2022 оқу жылында екпе алған студенттер арасында шәкіртақы тағайындалады; Студенттер арасында ЖОО символикасы бейнеленген өнімдерге ұтыс ойыны өткізіледі; Шет тілін үйрену курстарына тегін қатыса алады; Студенттер үйіне орналасуға 50% жеңілдік беріледі. Сонымен қатар, вакцина алған студентке мұнай-газ компанияларында өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік бар.
Әрі қонақ дәрісі мен түрлі тақырыптағы қызықты тренингтерге, «Болашақ» бағдарламасы түлектері өткізетін шеберлік сыныптарына, мәдени-көпшілік, спорттық шараларға қатысуға; Академиялық алмасу, ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелге оқуға баруға; республикалық, халықаралық байқауларға қатысуға қолдау көрсетіледі.
Загрузка...