“Отандастар” КЕАҚ: БҒМ қолдауымен шетелдегі қандастарға қазақ тілін үйрету бойынша ортақ әмбебап оқу құрал әзірленуде

«Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов шетелдегі қандастармен байланыс орнату және қазақ тілін үйрету жұмыстары туралы айтып берді, – деп хабарлайды осы комерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

«Отандастар» қорының ұйымдастыруымен 2019 жылы әлемнің 25 елінен келген 5000 қандасты қамтыған 20-ға жуық шара өткізілсе, 2020 жылы әлемді жаулаған пандемияға орай барлық жоба онлайн форматқа көшірілген. «Дегенмен, жұмыс тоқтап қалған жоқ. Осы ретте әлемнің 26 еліндегі отандастардың қатысуымен 5 800-ден астам адамды қамтыған 13 онлайн іс-шара және 6 онлайн-жоба ұйымдастырылды. 2021 жылы да пандемиялық шектеулерге байланысты ZOOM бағдарламасында 20 елді қамтыған 20 онлайн кездесу өткізілді.

Бұл шаралардың барлығында сырттағы ағайынның көші-қон, іскерлік, мәдени-гуманитарлық мәселелер мен жобаларға қатысты ұсыныстары мен өтініштері талқыланды, – деді М. Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында. Қор шетелде тұратын отандастарға қазақ тілі курстарын ұйымдастыру үшін 12 елде 31 онлайн сынып ашқан. Онлайн сыныптар теледидар, ноутбук, камера, тағы басқа қажетті заманауи техникалармен қамтылған.

2020 жылы 300-ден астам онлайн тегін сабақ өткізілді. Оған мың жарым адам қатысып, 400-ге жуығы қазақ тілін жетік меңгерді деген сертификат алды. Ал 2021 жылы 350 тегін онлайн сабақ өткізілді. Онда 900 қандас тестілеуге қатысып, қазақ тілін меңгеріп шықты. – Қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен шетелдегі қандастарға қазақ тілін үйрету бойынша ортақ әмбебап оқу құралды әзірленуде. Себебі, латын қарпімен немесе төте жазумен сауат ашқан балаларға кириллица үйрету қиын. Сондықтан, әмбебап әдіснама қажет болды. Бұл құрал жыл соңына дейін дайын болуы мүмкін, қосымша хабардар етеміз, – дейді Мағауия Сарбасов.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий