Түлектерді жұмысқа тарту басты міндет

«Aktau Tourism City Ltd» RIXOS қонақ үй кешенінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу ұйымдастырылды. Басқосу барысында жуық арада ашылатын тақырыптық паркке кадр тарту мәселесі қозғалды. Сонымен қатар аталған қонақ үй бас менеджері С. Исағалиевпен колледж арасындағы алдағы уақытта «RIXOS» қонақ үй кешенінде студенттердің практикадан өтуі, кадр даярлауда жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес икемді оқу бағдарламаларын жасақтау мәселері талқыланды, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Маңғыстау туризм колледж базасында «RIXOS» тақырыптық паркіне 18 жастан асқан немесе 18 жасқа толуға 1,2 ай қалған колледж түлектерін жұмысқа қабылдауға әңгімелесу, іріктеу жүргізіледі. Керекті мамандар тамақтану саласы, аспазшылар, кондитерлер, даяшылар, сонымен қатар паркте жұмыс жасауға техникалық қызметкерлер; аттракционға механиктер, электрониктер, тазалаушылар, құтқарушылар, аниматорлар. Шетелдік инструкторлардан тағылымдамадан өтуге және оқып үйренуге мүмкіндіктер бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий