2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары туралы

«Бөбек» ҰҒПББСО-ның әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі уәкілі Олег Карабут және құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы Назарбек Мәдімәр тікелей эфирде «Бөбек» ҰҒПББСО-ның құрылымдық бөлімшелерімен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары туралы» тақырыбы бойынша сөз сөйледі, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

Олег Карабут Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия бойынша жұмыс жоспарымен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша «Бөбек» орталығының құрылымдық бөлімшелерінің ұжымдарымен «дөңгелек үстелдер», құқықтық жалпы оқулар және басқа да іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті. Назарбек Мәдімәр Мемлекеттік сатып алу бекітілген жылдық жоспарға сәйкес, белгіленген мерзімде жүргізілетінін және ҚР заңнамасының нормалары қатаң сақтаулатынын атап өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий