Арнайы мекемелердегі тіл кемістігі бар балаларды оқыту – тәрбиелеу жұмысының негізі

Қазіргі таңда мемлекеттің алдына қойып отырған негізгі мақсатарының бірі, мүмкіндігі шектеулі, арнайы мекемелердегі мектеп жасындағы балаларды әлеуметтік қолдау, конституциялық құқықтарын қорғау, білім жүйесін дамыту және сапасын арттыру болып табылады. Мектеп жасына дейінгі арнайы мекемелердегі, соның ішіндегі тіл кемістігі бар балаларды оқыту–тәрбиелеуді ұйымдастыру негізінде, балаларды оқыту–тәрбиелеу үрдісі арнайы бағдарламаға сай жүргізіледі.

Тіл кемістігі, көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбысты дұрыс қолданбауы, адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан баланың тілін дамыту кезінде, оның артикуляциялық аппаратын дамытуымен бірге, зейінін, естуін, ойлау қабілетін дамыту керек. 4–5 жастағы бала, ана тіліндегі дыбыстарды дұрыс айта білуі тиіс.

Тіл кемістігі бар балаларды арнайы бала–бақшаларда оқыту–тәрбиелеу, олардың өзімен қарайлас балалармен сөйлесуіне, бір–бірімен ойнауына жағдай туғызады және олардың сөйлесе, әңгімелесе жүріп тілінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақтарда, балалардың тіл кемістігін түзету үшін әр түрлі әдіс–тәсілдер қолданылады. Олар ойын, дидактикалық ойын, сұрақ –жауап, түсіндіру, салыстыру, әр түрлі жаттығулар болып табылады.

Сонымен қатар бұл әдіс–тәсілдер арқылы тіл кемістігін түзетіп қана қоймай, сөздік қорын молайтып және әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп қолдана білуге үйрету көзделеді. Мұның өзі сөзерді септеп, жіктеп, тәуелдеп айтуға, антоним, синоним сөздерді бейнелеп көркем қолдана білуге үйретуді қамтиды. Сонымен қатар дамыта оқыту үрдісі кезінде баланы ой ойлап, өз бетімен ізденіп, дұрыс жауап бере білу дағдыларын қалыптастыруға басты назар аударады.

Тіл дамыту сабақтарында сөздік қорын молайту, тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру сондай–ақ байланыстырып сөйлеуге үйрету мәселелері түгел қамтылады. Сондықтан логопед айлық, апталық сабақ жоспарын жасағанда: сабақтың мақсаты және қажетті матереиалдар, дидактикалық көрнекі құралдар, әдеби шығармалар, бала біліміндегі олқылықтарды жетілдіруге және баланың жасына сәйкес іріктеліп алынуын ескеруі тиіс. Балалардың тілін дамыту немесе сөзге белсенділігін арттыру мақсатында әр түрлі ойындар, соның ішінде дидактикалық ойындар кеңінен қолданылады.

Өлең, жұмбақтар айтады немесе балаларға айтқызады. Сабақта, сабақтан тыс уақытта балалардың сөз қолдану тәсілдерін бақылау кезінде анықталған нәтижелерді сабақ жоспарын жасағанда мұқият ескеріп, қай балаға қандай тапсырма беру керектігін және қай баламен қалай жұмыс жүргізу керектігін белгілеп отыру керек Арнайы білім жүйесін дамыту негізінде оқыту–тәрбиелеу жұмыстарының орындалуы, тек қана білім саласындағы мамандардың арнайы білім жүйесін дамыту нәтижесінде жүйелі, сапалы, дұрыс ұйымдастыруының арқасында жүзеге асады.

Ақсұлу КӨБЕНТАЕВА,
№4 арнайы бала бақшаның
мұғалім логопеді, Маңғыстау
облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий