Арнайы мамандарға психологиялық қолдау көрсетілді

Отбасын қолдау орталығы «Жанұя» қоғамдық қоры мен Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасы бірлесіп қолға алған «Агрессорлармен жұмыс жасау орталығы» жобасының аясында, орталықтың психолог мамандары, шілде айының 8 мен 9 күндері, Алматы облыстық №1 – балалар үйіне барып, балалар үйінің мамандарымен, педагогтарымен, тәрбиешілерімен және балалармен кездесіп, оларға психологиялық қолдау көрсетіп қайтты, – деп хабарлайды шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Балалар үйінің педагог, тәрбиеші, психолог мамандары бұл ерекше балалармен жұмыс жасауда, түрлі қиындықтармен кездеседі. Сондықтан, педагог мамандар мен тәрбиешілерге үлкен төзімділік пен психологияық білім қажет екені анық. Бұл кездесуде мамандар, сол қиындықтарымен бөлісіп, балалардағы мінез-құлық және жас ерекшеліктеріне қарай дұрыс, тиімді қарым-қатынас жасау дағдылары мен оларда жиі кездесетін ашу-ыза, өкпе-реніштерімен күресу жолдары жөнінде мәлімет ала алды.

Сонымен қатар, «Агрессорлармен жұмыс жасау орталығының» психолог мамандары, балалар үйінің тәрбиешілері мен педагог мамандарына психологиялық қолдау көрсетіп, олармен топтық және жеке жұмыстар жүргізді. Кездесу соңында, тәрбиешілер мен педагог, психолог мамандарына ары қарай да көмек көрсету мақсатында, біздің орталық оларды тегін, әрі құпия сақталатын жеке психотерапиялық көмек алуға, «Агрессорлармен жұмыс жасау орталығына» шақырды. Біздің мамандар online және offline режимінде кеңес береді, кеңес беру мәселелері бойынша сіз +77771894339 whatsApp нөміріне жазып, тегін көмек ала аласыз аласыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий