Павлодарлық оқушылар физикадан Халықаралық олимпиадада (IPhO) күміс медальға қол жеткізді

Физика пәнінен халықаралық олимпиадасы  (ІPhO)  2021  жылғы шілде айының 17-25 күндері аралығында Вильнюс қаласында (Литва) онлайн форматта  ұйымдастырылған болатын, – деп хабарлайды Павлодар облысындағы “Ертiс дарыны” өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығынің баспасөз қызметі.

Бұл оқушылары арасында өтетін физика пәні бойынша жыл сайынғы бірегей зияткерлік жарыс. Олимпиадаға әлемнің 70-ден астам елінен өкілдер қатысты. Олимпиада халықаралық физикалық олимпиада ережелері бойынша өтті: бірінші тур  бес сағаттық теориялық  және екінші тур-практикалық.

Қазақстан Республикасының құрама командасының ішіне Павлодар қаласының № 8 мектеп-лицейінің 10,11 сынып оқушылары кезекті рет енді. Олимпиада қорытындысы бойынша  күміс медальмен Рахимжанов Дінмұхамед, Драганчук Антон марапатталды (мұғалімі Билида А. Н.).

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий