Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы күйді мектептерде қоңырау ретінде пайдалануды ұсынды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кезекті аппараттық кеңесі шілде айының 28-і күні ұйымдастырылған болатын. Аппараттық кеңес аясында 2021-2022 оқу жылында  орта білім беру ұйымдарына арналған әдістемелік-нұсқау хаттың таныстырылымын Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының президенті Ғани Бейсембаев жасады, – деп хабарлайды осы академияның баспасөз қызметі.

Ғ.Бейсембаев өз сөзінде академияның домбырамен орындалған күйлерді музыкалық ендірме ретінде мектептерде пайдалану туралы ұсынысын жеткізді: сабақтың басталуы «төкпе» күйі арқылы, сабақтың аяқталуы – «шертпе» күйі арқылы болмақ.

Академия президенті бұл әдіс оқушылардың психикасына, көңіл-күйі мен әл-ауқатына жағымды әсер ететіндігін психологтар зерттеулеріне сілтеме жасап атап өтті. Мұндай жаңалықтар биылғы Күйші Динаның 160 жылдығы аясында айрықша мәнге ие.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы күйді мектептерде қоңырау ретінде пайдалануды ұсынды

  1. Құнды ұсыныс! Қолдаймыз! Бірақ, Шымкент қаласындағы N90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында 2012 жылы ашылғаннан бастап, бұл үрдіске айналған. Мектеп басшысы А.Ш.Орынбековтың идеясымен қоңырау орнына ұлттық күйлер мен патриоттық рухтағы әндердің әуендері күні бүгінге дейін үздіксіз қойылып келеді. Бұл үрдістің жасөспірімдердің бойында ұлттық құндылықтарды құрметтеу мен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға ықпалы зор екені даусыз!

Добавить комментарий