Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың балабақшаға бейімделуі туралы

Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың балабақшаға бейімделуі туралы ағымдағы жылдың 29 шілдесінде «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» балабақшасының әдіскері Эльза Бушуева тікелей эфирде айтып берді.

Ол мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың бейімделу кезеңі қалай өтетіні жайлы мағлұмат берді.

Сондай-ақ, осы кезеңдегі ата-аналардың рөлінің маңызы туралы айтылды. Балабақшаға келмес бұрын да ата-аналар баланы басқа балалармен және ересектермен сөйлесуге, қарым-қатынас жасауға дайындауы керек. Балабақшада болудың қаншалықты керемет екенін, ол жердегі көптеген қызықты нәрселер туралы алдын ала айту да маңызды. Ата-аналар өздерінің алаңдаушылықтарын жеңуге және баласымен бірге болатын адамдарға сенім артуы  тиіс.

Сондай-ақ, күн тәртібі мен баланы үйде тамақтандыру тәртібін балабақшадағы режимге ұқсастыру  қажеттілігі туралы айтылды.

Эльза Бушуева баламен қалай дұрыс қоштасу керектігін, бала балабақшаға үйренген кезде үйде өзін қалай ұстау керектігін және балабақшаға барудан бас тартқан кезде не істеу керектігіне де тоқталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий