Не? Қайда? Қашан? NIS-тің жас білгірлері сөйлесін

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің  білгірлер командасы әйгілі «Не?» Қайда? Қашан?» ойынының республикалық турнирінің жеңімпазы атанды. Ойынға кіші және жоғары лигаларда 2000-ға жуық Қазақстанның ең мықты зияткерлері қатысты. NIS-тің «Аралар» командасының намысын Вероника Цой, Никол Ермолаева, Адель Мамутова, Ескендір Селимұлы, Эльнар Салпеков қорғады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

NIS білгірлері Нұр-Сұлтан мен Алматы мектептерінің сегіз бірдей командасымен білім таластырды. Ойын барысында қатысушыларға сан алуан салалардан сұрақтар қойылды. «Тамос Кубогы 2021» ойыны кезінде «Аралар» өздерінің білімге құштарлығын, үйлесімді топтық жұмыс пен кең эрудицияны көрсете білді. Ерең еңбектің нәтижесі – «Tamos Cup 2021» кіші лигасындағы Жеңіс. 

– Мұндай турнирге бірінші рет қатысып отырмыз. Біз үшін өз қабілетіңді тексеріп, ой-өрісіңді кеңейту әрдайым маңызды. Әртүрлі және қызықты сұрақтарға жауап бердік. Кей сұрақтар көп ойланып, зейін қоюды қажет еткені рас, соның нәтижесінде білім қоржынын тың ақпараттармен толықтырдық. TAMOS Education білгірлер турнирін жыл сайын өткізіп тұруға ниетті екен. Жеңімпаздарға беделді қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алуға гранттар берілмек. Біз де осындай гранттардың иегерлері атануды мақсат тұтамыз, –  дейді «Не?» Қайда? Қашан?» ойынының жеңімпаздары. 

Еліміздің түкпір-түкпірінен 9-11 сынып оқушыларын жинаған жоғары лигада Қарағанды қаласындағы NIS-тен «NUR WIR», сондай-ақ Алматыдағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептен «NISBOYS» және «STARS» командалары бақ сынады. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий