ҚР Тәуелсіздігіне – 30 жыл: Елімнің еркіндігімен есейдім

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Тәуелсіздіктің бесігінде еліміздің тербелгеніне 30 жыл. Менің де сол қасиетті бесікте тербелгеніме осынша уақыт болды. Себебі мен Тәуелсіздіктің құрдасымын.

Орда бұзар отыз жылдың ішінде Қазақстан елдігін нығайтып, шекарасын бекітіп, әлемнің алпауыт елдерімен тең мәртебеде сөз қозғай алатын, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл – даналық пен батырлықтың тізгінін қатар ұстап келе жатқан бабалар қалыптастырған ұлы жеңістің жемісі. Ерен егемендігін алған еліміз көк Байрағын желбіретіп, Елтаңбасын еңселі етіп, Әнұранын асқақтатты.

Ел Президентін сайлап, ұлты мен ұлысын сақтап, салты мен дәстүрін қастерлеп, мәдениеті мен экономикасын жетілдірді. Елімнің жеңістерімен бірге менің де жетістіктерім күн санап өсіп келеді.Тай-құлындай тебісіп бақытты балалық шағымды өткізсем, бар зейінімді салып орта білім алдым. Армандаған оқу орнына түсіп, жоғары білім алып, жүрегім қалаған мамандық иесі болдым. Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласын өркендетуде қызмет етіп келемін.

Тәуелсіздік ал­ғалы бері кезең-кезеңмен жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп келе жатқан реформалар біз­дің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, экономикалық-әлеуметтік жағ­дайына тікелей апарар жол – сол ел­дің білімінің дамуы болып та­былады. Яғни, болашақта бә­се­кеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену мін­деті бәсекеге қабілетті жастарға жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр.

Бүгінгі жас ұрпақ – ертең­гі мемлекет тұтқасын ұс­тау­шы білікті маман, ел тағ­дырын шешуші азамат. Олай болса, әрісі қазақ хандығынан бастап, берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан атадан тараған ұрпақтың парызы – осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін құлатпай, шаңырағын шайқалтпай, Отанды қастерлеп өту – біздің міндетіміз. Халқымызда «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ.

Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өшпеген жігердің отымен келген ұлы күн. Тәуелсіздігімздің туы жығылмай, егемен Еліміздің абыройы асқақтап, мерейі үстем болсын! 

Нүркен Әбдірзақұлы ЖАҚСЫБАЕВ,
Ақтөбе облысы білім басқармасының
бас маманы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий