Білім саласындағы отыз жылдық тарих жетістігі

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.  Қазақ мемлекеті тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту қарсаңында батырлар мекені саналатын Қобда ауданының білім саласы даму кезеңінің сатысынан өтіп, айшықты өзгерістер мен жетістіктерге қол жеткізді, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді, білім беру саласын сапалық жағынан жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды. Ел игілігіне берілген мектепке дейінгі ұйымдар заманауи жабдықтармен жасақталып, жаңартылды. Онда үш тілде сапалы білім беріліп  ерекше білімді қажет ететін балаларға  инклюзивті тәрбие мен оқыту ордасы құрылды. Тәуелсіздік жылдары білім саласына қарасты нысандарда күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа құрылыс қарқынды дамыды.

Нәтижесінде  14 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, бес жаңа білім беру ғимараты бой  көтерді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің сапалық көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлінді. Тәуелсіздік жылдары ішінде 14 балабақша қайта құрылып, 1 балабақша бой көтеріп, 1  бала бақша қайта жөндеуден өтті. Қазіргі таңда 27 мектепке дейінгі ұйым халық қажеттілгін қанағаттандыруда. 1-6 жастағы бала саны 1718,  қамту 99,8%  құрайды,  ал 3-6 жас аралығындағы бала санын қамту толыфқ жүз пайызға жетті.

Қобда ауданында бүгінгі таңда спорт саласы қарқынды дамуда. Өңірдің спортты жанына серік еткен оқушылары халықаралық деңгейде жетістікке жетіп, тәуелсіз еліміздің туын желбіретіп, аудан мәртебесін көтеруде. Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектептерде робототехника  сауаттылық бағытталған бағдарлама енгізілді.  ІТ кабинеттерінде  оқушылар білім алып, интеллектуалды қабілеттері дамып,  дербестік дағдылары қалыптасуда.

Ауданның дарынды оқушылары  бірнеше жыл қатарынан жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық, республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды. «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасында аудан мектебінің оқушылары жоғары белсенділік танытты. Білім беру ісіндегі басты тұлға – педагог екені ақиқат. Әр түрлі жылдары білім беру саласында қызмет еткен педагогтердің мәртебесін арттыру мақсатында 2019 жылы «Білім асыл қазына» сквері ашылды. Мұнда ауданға еңбегі сіңген білім беру саласының үздік педагогтеріне арналған тақта бар.

Ауданда педагог қызметінің нәтижелілігін бірнеше жыл қатарынан  айқындаған  «Үздік педагог» байқауының облыстық, республикалық деңгейінің жеңімпаз ұстаздары  еңбек етуде.  Сапалы білімнің негізін құрай білген үздік ұйымдар халыққа қалтқысыз қызмет атқарып келеді.  Ұлтымыздың ұлы қазынасына айналған   қастерлі Тәуелсіздігіміз  барша жұртымыздың патриоттық рухымен бірге  асқақтай берсін!  Тәуелсіздік бесігінде мәңгі тербеліп өтейік.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий