Ыбырайтанудың тұлғалық моделі жобасы ұсынылды

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында «Ыбырайтану әлемі – ұлттық құндылығымыз!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

Дөңгелек үстелге Тәуелсіздік алғаннан бері Академияда қызмет еткен құрметті ардагерлер, Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметін, шығармашылығын зерттеуші ғалымдар, академияның ғалымдары мен қызметкерлері, сарапшылар жиналды. Сондай-ақ Академияның тәуелсіздік жылдарындағы басшылары Ж. Дадебаев, Ө. Озғанбаев, Қ. Арынов, А.Құсайынов, Т. Балықбаев, Ж. Жылбаевта белсене қатысты.

Дөңгелек үстел барысында п.ғ.д., профессор Таубаева Шаргүл Таубайқызы Академиямен бірлесіп тұлғатану аясында Ыбырайтанудың тұлғалық модель жобасын жасағандығын жеткізді. Профессордың ойынша Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің логикалық-құрылымдық моделі мынадай бағыттарды құрайды: Алтынсаринің дүниетанымы; Әдістемелік көзқарасы; Зерттеген ғалымдар; Мектептегі оқыту үдерісі; Оқытуда халық поэзиясын пайдалану; Мектепті ұйымдастыруы; Тәрбиелік мұрасы; Психологиялық мұрасы; Дидактикалық мұрасы.

«XXI ғасырдағы мектеп ұстаздарының алдындағы міндеті – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып, имандылыққа, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу. Сондықтан бұл ұсынылған жобаның тәрбиелік мәні зор болмақ,- деді ғалым Ш. Таубаева. Қоғам қайраткері Ө. Озғанбаев әр ұлттың алдымен өз қойнауынан шыққан тарихпен сусындайтындығын, біздің осы кезге дейінгі ілім-білім тұтастығын Ыбырайтану мұралары мұралары келе жатқандығына көңіл аударды.

Бұл ретте Ө. Озғанбаев саяси қуғын-сүргін бойынша ұлттық комиссия құрылғанын атап өте отыра, ХХ ғасырдың 30 жылдары репрессияға ұшырап құрбан болған ұлт педагогтары тұлғасына көңіл аударды. Жиын қорытындысында сарапшылар одан әрі Ыбырай мұраларын әлемдік деңгейге танытуға басымдық беретіндігіне уағдаласты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий